Анықтама бюросы

Аныктаманы қалай алады?

Азаматтардан әлеуметтік-құқықтық сұрақтар бойынша өтініштерді қабылдау және кеңес беруді «ҚЗТҚО» КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің жетекшісі Исенова М.Т. жүргізеді

байланыс телефоны 8 (7222) 56-00-48

Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі:

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңымен бекітілген;

Анықтама алу үшін, Сіз « Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ директордың м.а. М.И. Перебееваның атына тілегіңізді толық және дұрыс баяндап, өтініш бланкісін толтырасыз.
Өтінішті «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ  №10 кабинетіне тапсырасыз немесе мына мекен-жайға жібересіз: 071405 Семей қ., Абай к-сі, 84-үй.

Қабылдау уақыты мен тәртібі
Мұрағаттың жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
Әлеуметтік-құқықтық сұраныстар бойынша өтініштерді қабылдау және өтініштер бойынша жауаптар беру:
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
Сұраныс жасаған кезде азаматтың жеке куәлігі, еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі болуы қажет. Бөгде адамға сұраныс жасаса – нотариалды куаландырылған сенімхат керек.
Мұрағат азаматтардың сұраныстары бойынша: ресми расталған мұрағат анықтамасын, мұрағат құжаттарының көшірмелерін береді.

Мұрағат құжаттары бойынша мыналарды растауға мүмкіндік бар:

  • еңбек өтілі;
  • еңбек жалақысы;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында Семей облысына көшірілгені туралы;
  • жазалауды қолдану (кулактарды тәркілеу);
  • балалар үйінде болғаны туралы;
  • ордендер мен медальдармен марапатталуы;
  • кәсіпорындардың атының өзгеруі және қайта құрылуы;
  • Cемей облысының атауының өзгеруі;
  • Cемей қаласының атауының өзгеруі;
  • 1932 жылды қоса есептегендегі азаматтық хал актісін жазу (туғаны, некеге отырғаны, қайтыс болғаны ).
  • Семей қалалық Халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің, Семей қаласы әкімінің, Семей облысы әкімінің шешімдері;
  • 1997 жылды қоса есептегендегі Семей қаласы аудандық соттарының шешімдері;
  • Семей облысының Жаңа-Семей және Абралы аудандарының ауылдарында тұрғандары туралы;
  • сату-алу келісімдері;

Сіз өтініш үлгілерін біздің сайттан көшіріп ала аласыздар

Мыналарға көңіл аударыңыз:

1.Бланкті мұқият, анық толтыру қажет.
2.Ақпаратты дұрыс көрсетпеген жағдайда ол өшіріліп (түзетілмей), жанына дұрыс нұсқасы жазылу қажет.
3.Кәсіби қызметіне байланысты кез-келген өтініштің түріне, МІНДЕТТІ түрде еңбек кітапшаның көшірмесі тіркелуі қажет.

Парақтар өзгертілді: 03-10-2018