Анықтама бюросы

Байланыс ақпараты

Құрметті сайтқа келушілер, Сіз осы бөлімнен азаматтар мен ұйымдарға «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ  көрсететін қызметтер туралы ақпараттар, мұрағат анықтамасын қалай алу керегі туралы толық сипаттама, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттық мекемелерінің байланыс телефондары мен мекен-жайлары туралы мәліметтер ала аласыздар.

Азаматтар мен ұйымдарға «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ көрсететін қызметтер

  • Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау, соның ішінде шет елдерде тұратындардан;
  • Құжаттарды сақтауға қабылдау, соның ішінде жеке құрам бойынша;
  • Басқарма мен ведомстволық мұрағаттарды құжаттамамен қамтамасыз ету қызметі қызметкерлері үшін оқыту семинарларын жүргізу;
  • Ұйымның меншік нысаны ауысқан жағдайда іс жүргізу және құжаттардың ведомстволық сақталу жағдайына тексеру жүргізу;
  • Мұрағат құжаттары бойынша тақырыптық сұраныстарды орындау;
  • Мекемелер мен ұйымдарға іс жүргізуді ұйымдастыру және ведомстволық мұрағат жұмыстары бойынша кеңестік-әдістемелік көмектер беру;
  • Құжаттардың көшірмелерін беру;
  • Экскурсиялар мен мектеп сабақтарын өткізу;
  • Мұрағаттың оқу залында зерттеушілердің жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізуге дайындау мақсатында оларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу және сақталу мерзімдері өткен құжаттарды жою туралы актілер құру, құжаттардың тізімдемелерін құру және оларға алғы сөз жазу;
  • «ҚЗТҚО» КММ толымдау көздері болып табылатын нақты мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар үшін істер номенклатураларын дайындау.

   Мекен-жайы:
071405 Семей қаласы, Абай көшесі, 84.
Байланыс  телефоны 8 (7222) 52-22-63

   Қабылдау уақыты мен тәртібі
Мұрағаттың жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
Әлеуметтік-құқықтық сұраныстар бойынша өтініштерді қабылдау және өтініштер бойынша жауаптар беру:
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін

 

Парақтар өзгертілді: 05-02-2013