Сәуір 2012 ж.
13 сәуір 2012 жыл - Орыс Географиялық Қоғамы
Семей Географиялық бөлімшесінің салтанатты ашылуы 1902 жылдың 31 наурызында (13 сәуір) өтті. Статистикалық Комитеттің хатшысы Коншин Бөлімшенің ашылу тарихы жайлы баяндама оқыды.
Семей Географиялық бөлімі ашылғанда бөлімшеде 97 ұйымдастырушы, сонымен қатар 28 өзге қаланың өкілдері болған.
Өз қызметінде бөлімше Батыс-Сібір бөлімінің Ережесін басшылыққа алды. 1924 жылы бөлімше Географиялық қоғам бөлімшесіне өзгертілді.
Семей географиялық қоғамының қызметіне зерттеу жұмыстары, дәріс беру, баспа ісі, ғылыми кітапхананы ұйымдастыру, мұражай және метеостанция жұмыстарын ұйымдастыру сияқты салалар енген.
Семей Орыс Географиялық қоғамының мүшелері ретінде Герасимов Б.Г., Белослюдов А.Н., Ғаббасов Х.А., Тұрғанбаев М.Т., Шанин Ж.Т., Попов В.И., Әуезов М.О., Құлжанова Н.С. сияқты танымал тұлғалар болды. Қоғамның төрағасы Коншин Н.Я. болған.
Н.Я.Коншин мұрағатты зерттеумен айналысты. Ол Далалық өлке тарихы жайлы, әкімшілік саяси жер аудару, Семей өлкесінің көне ескерткіштері туралы бай материалдар жинақтап, өңдеген. География, гидрология және геология салаларында А.Н.Седельников. Михаэлис Е.П. және Обручев В.А. Семей топырағының пайда болуын зерттеген. Б.Герасимов және А.Н.Белослюдов этнографияны зерттеген. Ф.Зобнин және В.Плотников казак әндерін жинақтаумен айналысса, И. Чекининский сейсмология саласындағы Семей өңіріндегі 1761-1926 жылдардағы жер сілкіністері жайлы еңбегін атап өтуге болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары аясына Семей губерниясы мен губернияға карасты Жетісу өлкесі, оңтүстік Сібір өңірлері енгізілген.
1941 жылдан бастап этнографиялық кештер ұйымдастыра бастады. Бұл дегеніміз өлкенің этнографиясына назар аударту еді. Сол ретте Абай Құнанбаевтың өмірден өткеніне 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған кешті атап өтуге болады.
Сол жылдары бөлім 15 томдық «Мемлекеттік Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлмшесінің хаттары» өлкенің тарихына байланысты ғылыми еңбектер жариялады. Бұл еңбектің жартысына жуык материалдары дін қызметшісі, әрі ғалым Борис Герасимовтың еңбектері болып табылады.
Аталмыш Қоғам губернияда өлкетану қоғамдары мен үйірмелер құруға ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар қоғамның ғылыми еңбегін ғана емес, ғылыми кітапхана құру жайын атап өтуге болады. Ғылыми кітапхана негізін облыстық статистикалық комитетінің сыйға тартқан 2186 томнан тұратын ғылыми басылымдарын атауға болады.
Бөлімнің қызмет істеген жылдары 700 мүшесі болған, оның ішінде 9 құрметті азаматтары Карпов А.Ф., Ницкевич Н.Ф., Коншин Н.Я., Герасимов Б.Г. және т.б..
|