Атаулы күндер тізбесі


Мамыр 2012 ж.

5 мамыр 2012 жыл – Жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Төкен Әбдірахмановтың туғанына 95 жыл (1917-1990)

Ақын Төкен Әбдірахманов бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданының Қызылтас деген жерінде дүниеге келген. 1941 жылы Алматыда КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Төкен Әбдірахманов Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Пионер» журналының бас редакторы болып қызмет істеді. 1952 жылдан КазПИ-де аға оқытушы, доцент, көп жылдар педагогикалық қызметтерде болды.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарғаш» 1952 жылы шықты. Халық ауыз әдебиеті негізінде жазылған «Қожанасыр хикаялары», «Екі ертегі», «Қарша қыз» өлең кітаптары жарық көрді. «Ана тілі» оқулығының авторы.

Төкен Әбдірахманов «Құрмет Белгісі» және т.б. медальдармен мараппатталды.

 

9 мамыр 2012 жыл – Кеңес Одағының Батыры Зәкәрия Белібаевтың туғанына 95 жыл (1917).

Белібаев Зәкәрия 1917 жылы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Архат ауылында дүниеге келген.

Ұрысқа 1941 жылдың маусым айынан қатыса бастады. 18-ші жеке понтондық-көпірліқ батальонында болды (3-ші понтон-көпірлік бригадасы, 60-шы армия, орталық фронт).
Қатардағы жауынгер Белібаев Днепр өзенінен тездетіп өту кезінде 1943 жылдың қыркүйек айының соңында ерекшеленді. Бөлім командирін ауыстырып, өзеннің оң жағалауына десант өткізді. Содан соң бірнеше тәулік ішінде жаудың оқ астында жүріп, жеке құрам мен техниканы өткізді. Паромның зақымдануын да дер кезінде қалпына келтірді.

Кеңес одағының Батыры атағын  КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен 1943 жылдың 17 қазанында алды.
Зәкәрия Белібаев Ленин ордені мен ІІ дәрежелі Отан соғысының медальдарымен марапатталды.

 

Парақтар өзгертілді: 11-05-2012