Атаулы күндер тізбесі


Маусым 2012 ж.

7 маусым - Кеңес Одағының Батыры Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев, туғанына 95 жыл (1917-1943)

Молдағалиев Жанғазы Әкімұлы 1917 жылы 7-ші маусымда Семей (қазіргі ШҚО) облысы, Абай ауданының Бестамақ аулында дүниеге келген.
Кеңес армиясы қатарында 1938 жылдан бастап қызмет етті. Ұлы Отан соғысы майдан шебінде 41-ші жылдан бастап шайқасқан. Әскери жаяу әскер училищесін тәмамдаған. 120-сыншы гвардия атқыштар полкінің рота командирі (3-ші Украин майданы, 8-ші гвардиялық армия, 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы) болған. Лейтенант Молдағалиев 1943-ші жылдың 24-ші қазанына қараған түнде Днепропетровск қаласының аумағындағы Днепр өзеніндегі жау шебін алғашқылардың бірі болып шабуылдады.

Оң жағалауға жетісімен, жауынгерлерді шабуылға көтеріп, жауды қорғаныс шебінен кейін шегіндіру арқылы платцдармның қолға өтуін қамтамасыз етті. 1943 жылы 1 қарашада Чернопаровка селосында (Днепропетровск облысы Солонянский ауданы) жау дзотының аузын өз денесімен жабу арқылы жауынгерлік тапсырманың орындалуына ықпал етіп, ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 19 наурыздағы жарлығымен, батыр қазасынан кейін Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Жанғазы Әкімұлы Қызыл Жұлдыз және Ленин ордендерімен марапатталған.

Батырға туған жерінде ескерткіш қойылған, батыр жерленген Елизаровка поселкісіндегі мектеп пен Семей қаласында көше оның есімімен аталған.

 

8 маусым - Жұмысшы жастар әуесқойлар театрының орыс драма театры болып қайта аталуына 75 жыл (қазіргі Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры)

1937 жылғы 8-ші маусымда Қалалық кеңес отырысында 1924 жылы құрылған Жұмысшы жастар әуесқойлар театрын орыс драма театры деп өзгерту жайлы шешім қабылданды.
1975 жылы театрға Ф.М.Достоевскийдің аты берілді. Сол кезде ол Ф.М.Достоевскийдің атын иеленуге лайық әлемдегі бірінші және  жалғыз театр болып есептелді. Бүгінгі күнде театр халықаралық фестивальдар лауреаты, көрермендер көзайымы жүлдесінің иегері. Ол ТМД-нің көптеген қалаларын гастрольмен аралап шықты.

ҚР еңбек сіңірген әртісі Светлана Сергеевна Забелкина, 2000 жылғы Президент степендиаты Андрей Егорович Глушков, ҚР өнер қайраткері Людмила Владимировна Никонова, М.С.Ларичкин, Ф.И.Любецкой, М.И.Иванов сияқты театр музасына жан-тәнімен қызмет еткен саңлақтар атын атауға болады. Театр ұжымының құрамында дәстүрді ұстанып құрметтейтін, көрермендермен жаңа жұмыс әдісін қолданатын дарынды жастар кездеседі. Бұлардың қатарына Е.Волкова, А.Сенько, И.Семененко, О.Кузнецов және басқалары жатады. Соңғы жылдары театр шығармашылық биіктерден көрінуде, жаңа спектакль қойылымдарына Ресейден режиссерлар мен әртістер шақырылуда, жас әртістер шет елдерде тәжірибе жинақтауда.

Театр труппасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық фестивальға қатысу құқығын конкурстан жеңіп алды. Бұл атақты 43 театр ұжымдарынан 11 театр ғана иеленді. Олардың арасында – 7 қазақ ұлттық және 4 орыс драма театры. Театрдың тұрақты жетекшісі – директоры Я.В. Горельников.

 

16 маусым  -  Жазушы, журналист, Ұлы Отан соғысына қатысушы Дмитрий Феофанович Черепановтың туғанына 105 жыл (1907-1992).

Дмитрий Феофанович Черепанов Верх-Убинск селосында ауыл қаңылтыршысының отбасында туылған. Жазушының бала мен боз бала шақтары туған ауылында, кейін Өскеменде өтті. Ол педагогикалық техникумда оқыған. Педагогикалық техникумның қоғамтану оқытушысы М.Аванусьев-Алтайский Дмитрийдің әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырады. Жас Черепанов «Звено Алтая» әдеби қоғамға кіріп, әдебиетте өз күшін сынайды.
Техникумды бітірген соң Дмитрий Черепанов Семей педагогикалық институтына түсті, оны аяқтағасын қаржы органдарында, мұғалім болып жұмыс істеді, бірақ оның барлық ғұмырының негізгі мамандығы журналистика болып табылады. Бірнеше онжылдық бойы Д.Черепанов Семей облыстық газетінде қызмет атқарған.

Дмитрий Черепанов Ертіс жағалауында кулактардың көтерілісін жоюға (талқандауға), Ұлы Отан соғысы майдандарына төрт жыл қатысқан. Кеңес Армия қатарында қызмет өтеген кезеңінде Польшада, Германияда, Чехословакияда, Венгрияда, Иранда болған.  Комсомол және партия жұмыстарына белсене қатысқан, комсомол ұйымының хатшысы, қалалық комсомол комитеті бюросының мүшесі, партия бюросының хатшысы болған.
1930 жылдары Черепанов «Прииртышская правда» газетінде қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1926 жылы «Шаруа журналы» мен «Шаруа жастарының журналы» баспаларында жарияланды.

Дмитрий Черепанов шығармаларының негізгі тақырыбы революция оқиғаларына, жастардың тәрбиесі мен табиғатты сақтап қалу үшін күреске арналған. Қазақстанның баспаларында оның «Крутизна» романы, «Камень на дороге» шағын трилогиясы, «По зову сердца» , «С докладом выступит другой» публицистикалық очерктері, «Туман из ущелья» деректі повесті және т.б. басылып шығарылды.
1937 жылы Черепанов тосыннан және кенеттен қамауға алынды, бырақ айғақтың жетіспеушілігіне байланысты бір айдан кейін босатылды.

Д.Черепановтың «Звезда падучая» пьесасы бойынша Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театры спектакль қойды.
Жазушының еңбегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі грамотасымен марапатталды, әдеби талантын қадірлеуші оқырмандарының құрметіне бөленді.

 

22 маусым - Суретші, Украина мәдениетіне  еңбек сіңірген қайраткер, Семей қаласының құрметті азаматы Александр Алексеевич Шевченконың туғанына 85 жыл (1927-29.09.2003).

Шевченко Александр Алексеевич – Украина мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, әрі Семей қаласының құрметті қала тұрғыны атағының иегері.

Александр Шевченко 1922 жылы 22 маусымда Ростов облысына қарасты Азов ауданындағы Ново-Троицк қаласында дүниеге келген. Ұлты – украин. Жас шағынан бастап украин халқының жан дүниесінің кеңдігімен туған жерінің көркемдігін бойына сіңіріп өсті. Бірақ тағдыр онымен қоса соғыстың ащы дәмі мен фашистік қамаудағы азапты да тарттырды. Сынақ полигонында сапер болған Александрдың денсаулығына Семей ядролық полигонының құрылысына ұзақ және қажырлы 4 жыл бойы қатысуы кейін бітпес, ауыр зардап тигізді.

Екі бауырластар – қазақ және орыс халықтарының достығы  - автордың негізгі тақырыбы болды. 1985 жылы Алматы және Киев қалаларында қазақ халқының ұлы перзенті Абайдың 150- жылдығына арналған суреттер көрмесін ұйымдастырды. Оның туындылары Мәскеу, Вена, Брюссель қалаларындағы көрмелерде көрсетілді.

 

 

Парақтар өзгертілді: 15-06-2012