Атаулы күндер тізбесі


Тамыз 2012 ж.

29 тамыз - КСРО батыры атағының иегері Александр Иванович Соломатинның туғанына 90 жыл (1922 ж.)

Соломатин Александр ИвановичАлександр Иванович Соломатин 1922 жылдың 29 тамызында Семей қаласында  дүниеге келген. Александр Иванович Кеңес Армия қатарында 1942 жылдан бастап қызмет етті. 1942 жылы Рязань қаласындағы жаяу әскер училищесін аяқтады. Александр Иванович 17-ші механикаландырылған бригаданың атыс ротасының командирі (1-ші Украина майданы, 4-ші танк армиясы, 16-ші гвардиялық механикаландырылған корпус) лауазымын атқарды.

Гвардия аға лейтенанты Соломатин 1945 жылдың 25 қаңтарында түнде бригаданың алдынғы қатарында Кебен қаласы қасында (Польша, Хобень қ.) Одер өзенінен соғысып өтті. Рота жау шебін басып алды және оны негізгі күштер келгенше ұстап тұрды. 1945 жылғы 26 қаңтарда оның ротасы жаудың 8 қарсы шабуылына тойтарыс берді.

Кеңес Одағы Батырының атағы 1945 жылы 10 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.
Александр Иванович Ленин орденімен, екі мәрте І дәрежелі Отан Соғысы ордендерімен, Қызыл Ту  орденімен және медальдармен марапатталған.

 

Парақтар өзгертілді: 01-08-2012