Атаулы күндер тізбесі


Қыркүйек 2012 ж.

Жазушы, абайтанушы, ғалым, әдебиет зерттеуші Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың тұғанына 115 жыл (1897-1961)

2012 жылдың 28 қыркүйегінде  жазушы, абайтанушы, ғалым, әдебиет зерттеуші Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың тұғанына 115 жыл (1897-1961) толады. Мұхтар Әуезовтың ата-бабалары ежелден екінші Меккі –А.Яссауи сәулетті кесенесіне жақын жерде тұрды.

Олардың  ұрпақтары оқымысты, жоғары білімді молда мен қожа болған. 1897 жылы 28 қыркүйекте Аяққарған жерінде (Бөрлі қыстауының маңында) Берді қожаның немересі Омарханның  отбасында ұл бала дүниеге келді, оның есімін Мұхтар деп қойды. Мұхтар Әуезов ерте ата-анасынан айырылды: әкесі Омархан 1900 жылы дүниеден өтті, ал анасы Нұржамал 1912 жылы баласының 15 жасында қайтыс болды.
Баланың білім алуына Мұхтарды тәрбиелеген  ағасы Қасымбек Әуезов  себепкер болды. Ол баланы Семей қаласындағы бес сыныптық қалалық училищесіне орналастырды. Орыс мектебінде Әуезов орыс тілі және әдебиетпен тыңғылықты танысты. Осы жерде ол өзінің алғашқы «Дауыл» деген шығармасын жазды. Бірнеше он жылдықтан кейін жазушы Семей қайраткерлері  - ағайынды Белослюдовтар мұрағатында табылған   өзінің оқушы дәптерлерін көрді, ағайындылардың бірі училищеде көркемжазу сабағын жүргізген.
Әуезов училищені бітірген соң Семейдің мұғалімдік семинариясына оқуға түсті. Словесность пәнінің мұғалімі В.И.Попов – өз естеліктерінде жазған: «Мен 1916 жылдың тамызында мұғалімдік семинарияға орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы болып келдім. Мұхтар Әуезов осы семинарияның бірінші курсында оқыды. Үнемі cалмақты, әдепті, жолдастары және ұстаздарымен байсалды, орыс тілін жетік меңгерген ол өз сыныбында ерекше көзге түсетін, біздерді өзінің білімдарлығымен таңғалдыратын».

Мұғалімдік семинарияны бітірген соң М.Әуезовтың Семейдегі еңбек және қоғамдық қызметі басталды. Ол Губревкомда, Губисполкомда, ГубОНО, «Қазақ тілі» газетінің редакциясында, сотта, 1924 жылы толық мүшесі болып сайланған Орыс географиялық қоғамының бөлімшесінде еңбек етті, «Абай» журналын шығарды. Мұхтар Әуезов «Ес-Аймақ» мәдени-ағартушылық үйірме жұмысына көмектесті, Қазақ педагогикалық техникумы мен кеңес партия мектебінде сабақ берді, мұғалімдердің қайта даярлау курстарын дайындау мен өткізуге қатысты. М.Әуезов училищеде оқып жүрген кезінде «Ярыш» футбол командасында ойнаған (қазіргі «Елімай» футбол командасы).
М.Әуезов  Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына орай естелік әдебиет кешін дайындауға белсенді қатысты, «Қырғыз әдебиетіндегі Абайдың орны» тақырыбында баяндама жасады.
1925 жылы М.Әуезов Семей қаласынан біржолата кетіп қалды. Әр түрлі деректер бойынша М.Әуезов Семей қаласына 1926, 1940, 1945 жылдары  және 1957 жылы өзінің 60-жылдық мерейтойына келген.
Семей қаласындағы М.Әуезов оқыған педагогикалық колледжге және қаланың ең сұлу даңғылдарының біріне есімі берілді, жазушы мен ғалымға ескерткіш орнатылды.

 

КСРО батыры атағының иегері Вениамин  Борисович Кошуковтың туғанына 90 жыл (1922 ж.- 1944 ж. 19 шілде)

Кошуков Вениамин БорисовичВениамин Борисович Кошуков 1922 жылғы 11 қыркүйекте Тюмень облысы Казанск ауданының Ильинка селосында дүниеге келген. Вениамин Борисович  Петропавловск қ. химиялы-технологиялық техникумда оқыған, кейін 1938 жылы техникум Семей қаласына ауыстырылды.

Кошуков Кеңес Армия қатарында 1940 жылдан бастап қызмет етті. Ол Чкаловск қ. әскери ұшқыштар мектебін аяқтады.       

Ұлы Отан соғысының майдандарында 1942 жылғы қыркүйектен бастап соғысты. 622 шабуылшы авиаполктің эскадрилья командирінің орынбасары (214 шабуылшы авиадивизия, 4-ші әуе армиясы) лейтенант Кошуков 1944 жылдың қаңтарына дейін 120 жауынгерлік тапсырманы орындады, жаудың көптеген ұрыс техникасы мен күшін жойды. 1944 жылдың 19 шілдесінде эскадрилья командирі аға лейтенант Кошуков жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қайтыс болды.

Кеңес Одағы Батырының атағы 1945 жылы 13 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.
Вениамин Борисович Ленин орденімен, Қызыл Ту  және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

 

Мал-дәрігерлік институтының ашылғанына 60 жыл (1952) (қазіргі Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет)

Мал-дәрігерлік институтының ашылғанына 60 жыл (1952) (қазіргі Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет)1952 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында мал-дәрігерлік институт ашылды, оған жоғары білікті мал-дәрігерлер мамандарын дайындау жүктелді. Ашылған жылы 300 студенттер оқуға қабылданды. Институтта екі факультет ашылды – зоотехникалық және мал дәрігерлік, олар болашақ жоғары білімді мамандарды даярлады. Кадрларды даярлау үшін 1952 жылы заманауи қондырғылармен жабдықталған тоғыз кафедра ұйымдастырылды.  Жоғары оқу орнын құруға У.Ташмұхаметов (ЖОО бірінші ректоры), У.Әбділманов, В.Падерин, У.Ғабидуллин, В.Королев, А.Осетров, Н.Титаренко және т.б. Алма-Ата, Қазан, Омск, Воронеж, Ленинград қалаларының мал-дәрігерлік жоғары оқу орындарынан келген көптеген азаматтар қатысты.  10 мыңнан астам ғылыми және көркем әдебиет кітаптарымен жабдықталған кітапхана ашылды.

1968 жылы ірі мал шаруашылық, қой өсірушілік, микробиология, вирусология, патофизиология, ішкі жұқпайтын аурулар, гистология, цитология, эмбриология кафедралары қарамағында аспирантура ашылды.

Ірі қара мал шаруашылығы кафедрасында жылқы шаруашылығы және ет-сүт өнімділігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Шаруашылықтарда алты асыл тұқымды  жылқы өсіретін фермалар құрылды, олар келешегі бар мал тұқымын өсіруге тәжірибелік база ретінде қолданылды. Институтта ғылыми және оқу қорын құруға ықпал ететін зертханалар жұмыс істейді.

Қазіргі кезде мал-дәрігерлік, технологиялық, қаржы институттарының негізінде 1995 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университеті құрылды.

Университет алты факультеттен тұрады: агро-экологиялық, экономика және бизнес, құқықтану, инженер-технологиялық, ақпараттық-қатынас технологиялары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және колледж. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы  жоғары білікті мамандар: 26 ғылым докторлары мен профессорлары, 150 ғылым кандидаттары мен доценттері. Университетте оқу және ғылыми зертханалар, заманауи қондырғылармен жабдықталған компьютерлік сыныптар, жеті жүз мың дана кітаптар жинақталған кітапхана бар. Университет Қазақстанның барлық облыстарына мамандарды даярлайды. 

 

Тері-мех техникумының ашылғанына 55 жыл (1957 ж.) (қазіргі Қазақстан тұтынушылар одағының Тері-мех колледжі)

Семей қ. тері-мех техникумы Қазақстан тұтынушылар одағының сауда-кооперативтік мектебі және «Заготживсырье» Бүкілодақтық бірлестігі шикізат-тауар мамандар мектебінің негізінде 1957 жылы құрылған.

Техникум құрылған жылы 8 оқытушы дәріс берді және 120 оқушы білім алды. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін техникум Қазақстан тұтынушылар одағының иелігіне берілді. Осы жылдар ішінде колледж 10000 астам мамандарды дайындады.

Колледж студенттерді күндізгі және сырттай оқу түрлеріне келесі мамандықтар бойынша қабылдайды: экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау, салық және салық салу, халық қолданатын тауарлардың маркетингі, малдың, тері-мех шикізаты және полуфабрикаттардың маркетингі, дайындау қызметінің маркетингі, сақтандыру экономикасы және сақтандыру операцияларын есепке алу, кеден ісі, аңшылықтану.

Колледждің екі оқу корпусында 23 кабинеттер, шикізат пен тауарлардың табиғи үлгілерімен, есептеу және компьютерлік техникамен жабдықталған зертханалар орналасқан.

 

Парақтар өзгертілді: 28-09-2012