Атаулы күндер тізбесі


Қазан 2012 ж.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қаржыгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Рымбек Смақұлы Байсейітовтың туғанына 90 жыл (1922 ж.)

Рымбек Смақұлы Байсейітов2012 жылдың 8 қазанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қаржыгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Рымбек Смақұлы Байсейітовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Рымбек Смақұлы Байсейітов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисті, экономика ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері.
1922 жылғы 8 қазанда Семей облысының Абыралы ауданы Қайнар ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылғы қыркүйектен бастап Семей облысы Ново-Шульбинск ауданына қарасты Ленин атындағы колхоз есепшісі болып бастады. 1941 жылғы желтоқсанда армия қатарына шақырылды. Рымбек Смақұлы зеңбірек командирі, взвод командирі болып аға сержант шенінде қызмет атқарды.
1947 жылы Кеңес армия қатарынан оралғаннан кейін 40 жыл бойы үздіксіз және мұқият қаржы органдарында қызмет етті, Семей қ. Калинин аудандық қаржы бөлімінің учаскелік инспекторынан бастап республиканың Қаржы министріне дейін өсті.  Семей қ. қаржы органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды, 1951 жылдан бастап – Қаржы министрлігінің аппаратында: қаржы министрінің орынбасары, бастықтың орынбасары, салық және алымдар басқармасының бастығы, салық және (халықтың ауыл шаруашылық өнімдерін) дайындау басқармасының бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы – министрліктің алқа мүшесі. 12 жылдан астам қаржы министрінің бірінші орынбасары, кейін 11 жыл – Қазақ КСР Үкіметінің мүшесі болып жұмыс істеді, оның ішінде: бір жылдан аса -  Баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, және бағаны қалыптастыру органдарының материалдық базасын нығайтуға айтулы үлес қосты.
Екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақстан компартиясы ОК мүшесі, Алматы қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Республикалық кәсіподақтар комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды. 
Рымбек Смақұлы  «Қазақстанның экономикасы және бюджеті» (А.Андреевпен бірлесіп жазған) кітаптың авторы.
Рымбек Смақұлы Байсейітов І және ІІ дәрежелі Отан Соғысы ордендерімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту  орденімен, «Халықтар достығы» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Қаржы қызметінің үздігі» белгісімен, көптеген Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңес және КСРО Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен, медальдарымен марапатталған.
«Қаржы қызметінің 1-ші дәрежелі кеңесшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі» атақтары 1983 жылы берілген.
Рымбек Смақұлы оқыған қаржы-экономикалық колледжге және Семей қаласының орталық көшелерінің біріне оның есімі берілді.

 

Халық ақыны Тәңірберген Әміреновтың туғанына 105 жыл (1907-1985)

Тәңірберген Әміреновтің2012 жылдың 9 қазанында халық ақыны Тәңірберген Әміреновтің туғанына 105 жыл толды. Тәңірберген Әміренов 1907 жылы Семей уездінің Шаған болысында Қара Бұжыр жерінде дүниеге келген. Әкесі Әміре баласының жеті жасында қайтыс болды. Болашақ ақынның, халық жыршысының балалық шағы ауыр болды. Бырақ барлық қиыншылықтарға қарамастан анасы баласына білім беруді мақсат етті. Жеті жасар Тәңірберген жергілікті медресе молдасынан оқып хат таныған.

Білімқұмар және қабілетті бала молдадан алған біліммен шектелмей қосымша ауыл мұғалімі Г.Төребаевтан білімін толықтырды. Оқып және жазып үйренгесін ол араб ертегілерімен, шығыс поэзиясымен, халықтың ауызша шығармаларымен танысады. Абай туындылары оның шығармашылық мектебі болды.

Қазан төңкерісінен кейін Әміренов  жаңа өмірді құруға, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға белсене қатысады. 1930 жылы ақын жаңа кеңес құрылысы туралы қуаныш пен мақтанышқа толы өлеңдерін жазады. Бұл өлеңдері Семей облысының газетінде жарияланды. Осылай алғашқы рет баспада жас ақын Тәңірберген Әміреновтың есімі таныла бастады.

Ақын каһарлы 1943 жылы, халық ақындығы сөзге мұқтаж кезеңінде, Алма-Ата қаласында өткізілген республикалық айтысқа бірінші рет қатысты. Айтыс кезінде Т.Әміренов М.Жапақовпен, Ж.Нұрмағанбетовпен айтысып, оларды  жеңіп шықты.

Суырып салма ақынның шығармашылық көркем түстері жан-жақты және мағыналы. Т.Әміреновтың өлеңдері мен айтыстары «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Иртыш», «Семей таңы» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында басылып шықты. Ақынның шығармалары «Ақындар шықты айтысқа», «Ақындар өлеңі» және т.б. жинағына кірді. Ақынның үш кітабы «Айтыс», «Жұмбақ тас», «Жол мұраты» басылып шықты.

Ақынның өлеңдері оқырмандармен жақсы бағаланып, белгілі әдебиет зерттеушілердің назарына ілінді.

 

Н.К.Крупская атындағы Мұғалімдер институтының (1934) педагогикалық институт болып өзгертілуіне (1937) (қазіргі Ә.Бөкейханов атындағы педагогикалық институт) 75 жыл

1937 жылғы 31 қазанда Қазақ КСР Халықтар комиссарлар кеңесінің қаулысымен Семей қаласында үш факультеттен құрылған педагогикалық институт ашылды: физика-математикалық, жаратылыстану, орыс тілі мен әдебиет. П.М.Санников - институттың бірінші ректоры болды. Институт құрылған жылы 76 студент қабылданды. Алғашқы жылдары 1939 жылғы 9 наурызда институтқа Н.К.Крупскаяның есімі берілді. Бірінші 44 бітіруші мамандар 1941 жылғы көктемде даярланып шығарылды. 1941 жылдың күзінде институттың 40 оқытушысы мен 50 студенті соғысқа аттанды.

1942 жылы бірінші рет қазақ тілі мен әдебиет бөлімшесіне студенттер қабылданды. Ұлы Отан соғысы жылдары институтты Н.С.Ким басқарды, ал оқыту жеті мамандық бойынша жүргізілді.

1969 жылы дене шынықтыру, сызу және сурет бөлімшелері ашылды. 1973 жылы дене шынықтыру факультеті, 1974 жылы – көркем-графикалық факультеті ашылды. Студенттердің қолданысына 16 оқу корпусы, 2 спорт кешені, кітапхана берілген. Студенттерге 27 ғылым докторлары мен профессорлары, 200 астам ғылым кандидаттары дәріс береді. Студенттер алты факультетте оқиды.

Соңғы жылдары институт өзінің халықаралық географиялық  қарым-қатынастарын жүргізеді. Халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша университеттің оқытушылары мен студенттері ТМД көптеген мемлекеттерге, сондай-ақ  Германияға, Ұлыбританияға. Венгрияға, Польшаға, АҚШ және басқа мемлекеттерге   барды. Университеттің 30 астам оқытушылары халықаралық семинарларға қатысты және Сорос-Қазақстан қорының жазғы мектептеріне, 15 оқытушы КИМЭП жазғы мектептеріне барды, «Сенім» Қазақ-Американдық компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылды.

 

Парақтар өзгертілді: 15-10-2012