Атаулы күндер тізбесі


Желтоқсан 2012 ж.

Кеңес Одағының батыры Василий Александрович Шулятниковтың (1917) туғанына 95 жыл

2012 жылдың 9 желтоқсанда Кеңес Одағының батыры Василий Александрович Шулятниковтың (1917) туғанына 95 жыл толды. Василий Александрович  Шулятников 1917 жылы 9 желтоқсанда Шығыс-Қазақстан облысы Большенарым ауданы Большенарым селосында дүниеге келді. В.С.Шулятников Семей педагогикалық училищесін бітірді. Семей облысында директор лауазымын атқарды.

В.Шулятников 1939 жылы Кеңес Армия қатарына шақырылды, 1939-1940 жылдардағы Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғысқа қатысты. 863-ші жеке байланыс ротасының взвод командирі (Воронеж майданы, 38-ші армия, 163-ші атқыштар дивизиясы) аға лейтенант Шулятников өзінің взводымен 1943 жылғы қазан айының басында екі рет Днепр өзенінен Киев қаласының оңтүстік және солтүстік жағынан  (Жуковка және Вышгород селоларының аумағында)  өзеннен өтіп, оң және сол жағалау арасын жалғайтын кабельдік байланыс желісін тартты. Ұрыс плацдармдарында жау оғының астында желілердің үзілген жерлерін бірнеше рет жөндеп, жаудың қарсы шабуылына тойтарыс беруге қатысты.

Кеңес Одағы Батырының атағы 1943 жылы 29 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.

Василий Шулятников  Ленин орденімен, екі мәрте Қызыл Ту орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Құрмет Белгісі орденімен және медальдармен марапатталды. В.Шулятниковқа «КСРО-ның құрметті радисі» атағы берілді.

 

Кеңес Одағының батыры, Семей қаласының құрметті азаматы Николай Николаевич Силинның туғанына 90 жыл (1922-1999)

Силин Николай Николаевич 2012 жылдың 10 желтоқсанда Кеңес Одағының батыры, Семей қаласының тұрғыны, Семей қаласының құрметті азаматы Николай Николаевич Силинның туғанына 90 жыл толды. Николай Николаевич Силин 1922 жылғы 10 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді.

1942 жылы Алматы қаласындағы пулеметшілер училищесін бітірді. Соғысқа 1942 жылдан бастап қатысты. 151 атқыштар полкінің батальон командирі (орталық майдан, 13-ші армия, 8-ші атқыштар дивизиясы) капитан Н.Силин 1943 жылғы 24 қыркүйекте Навозы селосы маңында (Чернигов облысы Чернигов ауданы Днепропетровское селосы) Днепр өзенінен соғысып өтті. Батальон шағын плацдармды басып алып, оң жағалауға берік бекініп алды және дивизияның негізгі күштерінің өтуін қамтамасыз етті.

Кеңес Одағы Батырының атағы 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді. Николай Николаевич Силин Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, І  дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы премияның лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл (1922-2011)

Әзілхан Нұршайықовтың2012 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы премияның лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Әзілхан Нұршайықов Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Абай және А.Фадеев атындағы әдеби сыйлықтың, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылғы 15 желтоқсанда Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Он төрт жасар пионер кезінде Жарма аудандық газетінде сатиралық мақаласын жариялады. Мақаланың ізі бойынша аудандық партия комитеті жұмыстан қалып қоюшылардың істерін талқылады. Осы кезден бастап Нұршайықов баспасөзбен байланысын үзген жоқ.

Сол жылдары Ә. Нұршайықов  ауыл клубының сахнасында дауыстап өлең оқыды: ол көптеген халық эпостарын жатқа білетін және дәстүрлі поэзияның әсерінен өзі де өлең жаза бастады. Нұршайықов он тоғыз жасында майданға аттанды. Жазушы Ұлы Отан соғысында жаумен батыл шайқасты, көптеген өлең жазды, оның өлеңдері армия газеттерінде, кейін Семей облыстық газетінде және республикалық басылымдарда жарияланды.

Соғыстан кейін Ә. Нұршайықов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп журналист дипломын алды. 1956 жылы оның «Алыс ауданда» атты бірінші кітабы басылып шықты. Кейін бірінен соң бірі үш жинағы шығарылды – «Целинный урожай», «Ертіс жағасында», «Щедрый край». Ә.Нұршайықов тың жерлердің шежіресін жазуда сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Нұршайықов әңгіме, повесть, новелла - прозаның шағын түрлерін  дамытуға өз үлесін қосты. 60-шы жылдары «Ескі дәптер», «Мәңгілік махаббат жыры», «Әсем», «Ботагөз» повестерін жазды. 1970 жылы «Махаббат қызық мол жылдар» романы, 1976 жылы «Ақиқат пен аңыз» және басқа да туындылары шығарылды.
Ә. Нұршайықов 2011 жылғы 12 ақпанда 89-жасында қайтыс болып, Кеңсай зиратында жерленді.

Кеңес Одағының батыры Даниил Михайлович Синицынның туғанына 100 жыл (1912)

Даниил Михайлович Синицынның2012 жылдың 25 желтоқсанында Кеңес Одағының батыры Даниил Михайлович Синицынның туғанына 100 жыл толады. Даниил Михайлович Синицын 1912 жылғы 25 желтоқсанда Калуга облысының Перемышль ауданы Ермашовка селосында дүниеге келген. 1920 жылы ата-анасымен Семей қаласына қоныс аударған.

Кеңес Армия қатарына 1942 жылғы сәуірде Семей қалалық әскери комитетімен шақырылды. Майдан ұрыстарына 1942 жылғы шілдеден бастап қатысты. 1943 жылы Тамбов қ. әскери-саясат училищесін бітірді. 487-ші атқыштар полкінің (1-ші Белоруссия майданы, 47-ші армия, 143-ші атқыштар дивизиясы) батальон командирі майор Синицын 1945 жылғы 15 қаңтарда Ольшевница елді мекені қасында (Польша, Легьоново қаласының солтүстік-батысы) жаудың мықты қорғаныс қамалын шабуылдау кезінде ерекше көзге түсті. Синицын басқарған шабуылшы батальондар жаудың қорғанысын жылдам бұзуды қамтамасыз етті және оны қуғындауды ұйымдастырды, бұл дивизия бөлімдерінің  Висла өзенінен соғысып өтуіне қолайлы жағдай жасады.

Кеңес Одағы Батырының атағы 1945 жылы 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.
Даниил Михайлович Синицын Ленин орденімен, екі мәрте Қызыл Ту орденімен, Александр Невский орденімен, медальдармен марапатталды.

Қойгелді АухадиевКеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиевтың  туғанына 115 жыл  (1907-1943 ж. 29 қыркүйек)

Қойгелді Аухадиев 1907 жылы Семей облысының Көкпекті ауданы Өрнек селосында дүниеге келген.
Майдан ұрыстарында 10-ші гвардиялық атқыштар полкінің (Орталық майданы, 60-ші армия, 6-ші гвардиялық  атқыштар дивизиясы) танкіге қарсы қару есеп топтарының командирі гвардия кіші сержанты Аухадиев 1943 жылғы 23-24 қыркүйектегі ұрыстарда ерекше көзге түсті: оның басқарған есеп тобы Нижние Жары деревнясы қасында (Гомель облысы Брагинский ауданы) Днепр өзенінен өтіп жаудың қарсы шабуылына тойтарыс беру кезінде бірнеше танк пен өздігінен жүретін зеңбіректерді атып түсірді.
Оның жауынгерлік есебінде 3 атып тигізген және 2 өртеп жіберген танктер, 3 оқ-дәрі тиеген жүк автокөліктері, 2 жойылған өздігінен жүретін «Фердинанд»  зеңбіректері және есеп тобымен 5 станокты оқшашар. Қ.Аухадиев 1943 жылғы 29 қыркүйекте ұрыс кезінде қаза болды. Киев облысы Чернобыль ауданының Паришев селосында жерленді.
Кеңес Одағы Батырының атағы 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен батыр қазасынан кейін берілді. Қойгелді Аухадиев Ленин орденімен марапатталған.
Көкпекті ауданының Большая Буконь селосында батырға ескерткіш орнатылды, Қойгелді Аухадиевтің есімімен колхоз, Көкпекті ауылында көше, Теректі селосында мектеп аталды.

Григорий Афанасьевич БаздыревКеңес Одағының батыры Григорий Афанасьевич Баздыревтың  туғанына 115 жыл (1907)

Григорий Афанасьевич Баздырев 1907 жылы Алтай өлкесінде Шипуновск ауданы Комариха селосында дүниеге келген. Кеңес Әскерлері қатарында 1928-30 жж. және 1941 жылдан бастап қызмет етті.
Кіші командирлер мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылғы қарашадан бастап қатысты. Гвардия сержант Баздырев басқарған 7-ші гвардиялық механикаландырылған бригаданың 7-ші инженерлік-миналық ротаның саперлік бөлімшесі (Воронеж майданы, 47-ші армия, 3-ші гвардиялық механикаландырылған корпус) 1943 жылғы қыркүйек айының соңында Селище селосы қасында (Черкасск облысы Каневский ауданы) Днепр өзенінен соғыса өтіп, плацдарм  аумағына миналар қойды, ол жерде жаудың 5 танкі жарылды, кейін танкіге қарсы қарудың есеп тобымен бірлесіп бірнеше танк шабуылдарына тойтарыс беруге қатысты. 
Кеңес Одағы Батырының атағы 1944 жылы 3 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.
Григорий Афанасьевич Баздырев Ленин орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталды.
Григорий Афанасьевич әскерден қайтқасын Семей қаласында тұрып жұмыс істеді.

Кеңес Одағының батыры Мұқатай Абеуловтың  туғанына 95 жыл (1917-1944)

Мұқатай Абеулов 1917 жылы Семей облысының Шұбартау ауданы Сарықамыс селосында туған. Соғысқа 1941 жылғы тамыздан бастап қатысты.
152-ші гвардиялық жойғыш танкіге қарсы артполктің (2-ші Украин майданы, 4-ші гвардиялық кавалерия корпусы) зеңбірек көздеушісі гвардия қатардағы жауынгер Абеулов Венгрияны азат ету ұрыстарында ерекше көзге түсті. 1944 жылғы 6 қазан мен 6 желтоқсан аралығындағы кезеңде тікелей көздеу атысымен жаудың 6 танкісін, 4 БТР және көптеген техникасын жойды.
1944 жылғы 16 желтоқсанда Мохора елді мекені қасында (Будапешт қаласынан Солтүстік- шығысқа қарай 50 км) танк шабуылына тойтарыс беру кезінде қаза болды. Кеңес Одағы Батырының атағы 1945 жылы 28 сәуірде  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен батыр қазасынан кейін берілді. Мұқатай Абеулов ұрыс болған жерде жерленді.
Мұқатай Абеулов Ленин орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен,  медальдармен марапатталды. Батырдың туған жерінде бюст орнатылды.

 

Карелин Петр ГригорьевичКеңес Одағының батыры Петр Григорьевич Карелиннің  туғанына 90 жыл (1922-1944)

Петр Григорьевич Карелин 1922 жылы Чита облысының Сретенс елді мекенінде туған. Орта білім мектебін Семей облысының Шар қаласында бітірді. Кейін Қостанай қ. ГВФ мектебін бітіріп Омск авиамектебінде оқыды.
Кеңес Армия қатарында 1941 жылдан бастап қызмет етті. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын аяқтады.
1942 жылғы қарашадан бастап ұрыстарға қатысты. 9-ші гвардиялық атқыштар полкінің (4-ші Украина майданы,  2-ші гвардиялық армия, 3-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) рота командирі гвардия лейтенанты Карелин 1944 жылғы 8 сәуірде Армянск селосы қасында (қазіргі Қырым облысының Красноперекопск қала тептес поселкесі) өз денесімен жау дзотының амбразурасын жапты.
Кеңес Одағы Батырының атағы 1944 жылы 16 мамырдағы  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді.
Петр Григорьевич Карелин Ленин орденімен, екі мәрте Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталды.
Шар қаласында ескерткіш және мемориал тақтасы орнатылды, мектептердің біріне және көшеге батырдың есімі берілді.

 

Қ.АлтынбаевАқын Қалихан Алтынбаевтың  туғанына 85 жыл (1927)

Белгілі суырып-салма ақын Қ.Алтынбаев 1927 жылы Семей облысының Жарма ауданы Қаратал селосында дүниеге келген. Ақынның есімі белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың есіміне ұқсас, себебі ол сол жылдары Щербиннің экспедициясымен Георгиевка селосының аумағында болды. Ақынның атасы Ә.Бөкейхановтың құрметіне немересіне оның есімін бергісі келді, бірақ қуғынға ұшыраған қайраткердің, «Алаш» партия жетекшісінің есімін балаға беру қауіпті болды. Балаға Қалихан есімі берілді, осылайша атасының тілегі жартылай орындалды. 1958 жылға дейін Қ.Алтынбаев Ақжал алтын кенішінде жұмыс істеді. 60-ші жылдардың басынан бастап ол «Молшылық үшін» («За изобилие») газетінде, «Жұлдыз» («Звезда») журналында қызмет атқарды.
1973 және 1985 жылдар аралығындағы кезеңде ақынның «Дала бесік» («Степная колыбель»), «Қиял қанаты» («На крыльях мечты») поэтикалық жинақтары жарияланды. Бұл жинақтардың тақырыптары және жанрлары әр түрлі: айтыстар, термелер, шағын поэмалар, ақын суырып-салма өнерінің жақсы дәстүрін жалғастырып толықтырды.
1944 жылы «Мамай батыр» поэмасы жеке басылым болып шықты.
Қ.Алтынбаев ақындар сайысына – айтыстарға отыз реттен артық қатысты. Оның айтыс сайыстарындағы көрсеткен өнері «Ақындар шықты айтысқа», «Ақындар жыры», «Жамбыл және кәзіргі поэзия», «Жыр шашу» және  т.б. жинақтарға енгізілді.
Қ.Алтынбаевтың  шығармалары (айтыстар мен өлеңдері) әр кезеңде өзбек, орыс, қырғыз тілдеріне аударылды. Ғ.Мүсрепов, М.Қаратаев, Исмаилов, Б.Искаков және т.б. жазушылар мен ғалымдар оның айтыстарына, орындау ерекшелігіне, шешендік өнеріне жоғары баға берді.
Қалихан Алтынбаев қазақ фольклорын жинақтаушы, Ертіс жағалауының топонимикасына арналған ғылыми мақалалар авторы ретінде кеңінен танымал.
85 лет  со дня рождения поэта Калихана Алтынбаева (1927)

 

Борис ГерасимовЗерттеуші Борис Георгиевич Герасимовтың туғанына  140 жыл (1872- 1 қаңтар 1938)

Борис Герасимов 1872 жылы Өскемен қаласында туған. 1902 жылы Семей қаласына қоныс аударып, сол жерде өмірінің соңғы күндеріне дейін тұрды. Ол жаңадан салынған Никольский шіркеуіне бірінші дін қызметшісі болып тағайындалды. Герасимов аса білімді тұлға: латын, грек және француз тілдерін жетік меңгерген, ағылшын тілінде оқыды, орыс және шетел әдебиетінің классиктерін ұнатты, кескіндемені ерекше бағалады, музыканы ұнатты, гитарада жақсы ойнап өлең айтты.
1895 жылы Томск қаласының діни семинариясын бітірген соң жас діни қызметкер Глубокое селосының Введенск шіркеуінде приход  алды. Семейге көшуінен бұрын ол Томск губерниясының Змеиногорск уезінде қазба жұмыстарын жүргізді. Кейін Никольский шіркеуінде священник қызметін атқарды және Кирпедтехникумның оқытушысы болды. Герасимов сталиндік репрессияның құрбаны болды.
Ол Шығыс Қазақстанды о шетінен бұ шетіне дейін аралап шықты, үлкен ынтамен облыстың және болыстық мұрағаттарын зерттеді.
Ресей археологиялық комиссия және географиялық қоғамның рұқсаты бойынша ол Зайсан, Змеиногорск, Өскемен, Семей уездерінде археологиялық қазба жұмыстарын, этнографиялық жиындар, статистикалық зерттеулер жүргізді. Жинақталған материалдар оның еңбектерінің негізін қалады. «В долине Бухтармы» очеркі үшін өлкетанушы 1912 жылы Ресей географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталды. 
Герасимов 1925 жылы жасаған ғылыми зерттеулері үшін алтын медальды иеленді.
1937 жылғы 28 тамызда ол революцияға қарсы қызметі үшін айыпталып қамауға алынды. 1938 жылғы 1 қаңтарда Герасимов Борис Георгиевич ату жазасына кесілді.

 

Парақтар өзгертілді: 20-12-2012