Атаулы күндер тізбесі


Қаңтар 2013 ж.

Болат Сыбанов, әнші, сазгер, Абай атындағы драмалы театрының әртісі туғанына 75 жыл. (1938-1998)

Сыбанов Болат2013 жылдың 10 қаңтарында әнші, сазгер, Абай атындағы драмалы театрының әртісі Болат Сыбановтың туғанына 75 жыл толып отыр.   Сыбанов Болат Күнтуұлы – әнші, сазгер, актер, Республикалық өлең лауреаты (1977), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1988).

Болат Сыбанов Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында (қазіргі Шығыс-Қазақстан облысында) 10 қаңтарда дүниеге келген. Болат Сыбанов 1957 жылы Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынып, шығармашылық қызмет жылдары  100 астам жарқын есте қалатын рольдерді сомдады, 30 астам өлеңдер жазды.
Қазақ радиосы мен теледидардың алтын қорына өзінің орындауындағы келесі өлеңдері енгізілді: «Ақ бұлақ», «Таң самалы», «Ғашықтар термесі», «Жан ана», «Әке туралы» және т.б.  Көптеген әндерін Түркия, Швеция, Германия, Монғолия, Қытай елдерінде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды.

Ол көптеген спектакльдерде рольдерді сомдады, мысалы, «Тау қызы», «Волоколамское шоссе», «Шыңғыс хикаясы».
1998 жылғы 14 ақпанда әртіс және музыкант Болат Сыбанов 60-жылдық мерейтойын тойлағаннан кейін дүниеден озды.

 

Ақын, аудармашы, абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың туғанына 75 жыл (1938)

Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков2013 жылдың 28 қаңтарында ақын, аудармашы, абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың туғанына 75 жыл толмақ, Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келді. Оның ақындық қасиеті мектеп жылдары білінді. Семей педагогикалық институтының филология факультетінде  оқып жүріп әдеби шығармашылықпен айналысты. Осы жылдары «Песня выпускников», «Өмір арнасы» атты тұңғыш пьесасы жазылды.

Оның алғашқы ұстазы жазушы және ғалым Қайым Мұхамедханұлы он тоғыз жасар студент Мұрат Рақымжанұлына курстық жұмыс негізінде Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» поэмасын орыс тіліне аударуды тапсырады. Мұрат Сұлтанбековтың шеберлікпен аударған шығармаларын орыс ақыны Я.Смоляков «жоғары деңгейдегі аударма» деп әділ бағасын берді.

Институтты тәмәмдаған соң М.Сұлтанбеков аспирантураға түсті. Мәскеу педагогикалық институтында зерттеу жұмыстарын жүргізе жүріп, Мұрат Рақымжанұлы өлеңдері мен мақалаларын, сын пікірлерін республикалық баспаларда, «Простор» журналында жариялады. Мұрат Сұлтанбековтың өлеңдері бірнеше рет Бүкілодақтық және республикалық радиодан берілді.

Oл Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларын, Ырысхан Мұсаұлының «Сага – устье реки» романы сияқты ірі шығармаларды аударды, «Абай» журналында «Аттила» атты тарихи пьесасын жариялады.  Оның Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейханов туралы мақалалары мен очерктері оқырмандарының қызығушылығын туғызды. 1971 жылы «Абайдың поэмалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

2007 жылы Мұрат Рақымжанұлының «Поэтическое вдохновение:Абай, Шакарим и Мухтар» атты кітабы шықты. Осы кітапта автордың мақалалары, эссе, өлеңдері және поэмалары жинақталған.
Журналистика саласында да ұзақ жылдар бойы еңбегі еленіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, бүгінде республикалық «Абай» журналының аға ғылыми қызметкері, алдынан талай шәкірт түлетіп ұшырған ұстаз Мұрат Рахымжанұлының қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар тұлға.

 

 

Парақтар өзгертілді: 22-01-2013