Атаулы күндер тізбесі


Наурыз 2013 ж.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ашылғанына 25 жыл

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ашылғанына 25 жыл 2013 жылдың 15 наурызында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ашылғанына 25 жыл толғалы отыр. Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі – Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы   Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы. 1985 жылғы желтоқсанда   ең алғаш өзінің жұмысын тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-көркем бөлімі ретінде бастаған. Мұражайды құруға оның директоры Т.А.Стромскаяның көп еңбегі сіңді. Ол мұражайды жекелеген туындылар мен кітаптардан бастап жинақтады. Мұражайға туындылар мұражайлардан, жеке коллекциялардан сатып алынды. 

Осы жылдары қорлар толықтырылды, жинақталған туындылар саны бөлім шеңберінен асқаны айқындалды. 1988 жылы ғылыми-көркем бөлімнің негізінде бейнелеу өнерінің мұражайы ашылды. Мұражайдың ашылуына байланысты Семей қ. жаңа мүмкіншіліктер пайда болды, суретшілер, коллекционерлер келіп, экспозициялар саны көбейді. Осы жылдары мұражай директоры Татьяна Александровна Стромская  мен Юлий Владимирович Невзоровтың достығы нығайды.Татьяна Александровна Ю.Невзоровты атақты коллекциясын Семей қаласында көрсетуге шақырды. Семей мұражайында  көрсетілген суреттер коллекциясын Невзоровтар отбасының үш ұрпағы жинақтаған.  Невзоровтар отбасы коллекциясында И.Крамской, И.Шишкин, К.Брюллов, А.Саврасов сияқты  және басқа да көптеген атақты қылқалам шеберлерінің туындылары бар. Невзоровтар отбасы Семей мұражайына 500-ден астам орыс, шетел, кеңес кезеңінің туындыларын сыйға тартты. 1991 жылы мұражайға Невзоровтар отбасы атауы берілді.

Мұражай туындыларының коллекциясы Қазақстанның ірі қалаларында көрсетілді.  Мұражай жанында лекторий, балалардың көркемсурет студиясы жұмыс істейді, классикалық музыка кештері өтеді. 
1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытудағы зор еңбегі бағаланып Ю.В.Невзоров Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.

Белгілі алаштанушы, тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері, Сейтмұхамет Тәбәрікұлы 85 жаста

Белгілі алаштанушы, тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері, Сейтмұхамет Тәбәрікұлы 85 жаста2013 жылдың 17 наурызында Белгілі алаштанушы, тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері, дербес зейнеткер Сейтмұхамет Тәбәрікұлы 85 жасқа толады.
Тәбәріков Сейтмұхамет Тәбәрікұлы 1928 жылы 17 наурызда Семей облысы Абыралы ауданы,  №2-ші Сарапан ауылында дүниеге келген.
Сейтмұхамет аға әр жылдары Абай, Шұбартау, Новопокровка, Аякөз, Ақсуат, Ново-Шульба аудандарында комсомол, партия, кеңес орындарында басшылық хатшы, төраға қызметтерін атқарған.
Жасы 85-ке келсе де қолына қалам алып, өткен өмір елестерін қағазға түсіруден жалықпаған қаламгер.

Сейтмұхамет Тәбәрікұлының зерделі алақанынан шыққан «Жанақ ақын», «Замана ағысы», «Мәннән Тұрғанбаев», «Шарлаған жолым жатыр жер бетінде»,   «Қайран, Мәннан»,  «Алаш арыстары», «Жүрегім неге тулайсың?», «Тауқымет», «Жүрек сөйлейді», «Судьба», «Алаштың алтын көпірлері» еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын алтын қазына деп білеміз. Сейтмұхамет Тәбәрікұлының сан жылдар бойы жазған әр туындысы оқырман қауымның көңілінен шығып, алғысқа бөленуде.

 

Парақтар өзгертілді: 14-03-2013