Атаулы күндер тізбесі


Сәуір

«Иртыш» газетінің (бұрынғы «Трудовое знамя») алғашқы нөмірі шыққанына 95 жыл

2013 жылдың 2 сәуірінде «Иртыш» газетінің (бұрынғы «Трудовое знамя») алғашқы нөмірі шыққанына 95 жыл. Семей облыстық «Иртыш» газетінің алғашқы нөмірі 1918 жылғы  2 (15) сәуірде жарыққа шықты. Газет «Трудовое знамя», «Знамя борьбы и труда», «Степная правда», «Прииртышская правда» атымен шығарылды. Кузьма Андреевич Шугаев - газеттің тұңғыш редакторы. К.А.Шугаевтың есімі Семей қаласының көшелерінің біріне берілді. Газет шыққан жылдары халықты тәрбиелеу мен ағарту жұмыстарына, қазақ және орыс халықтарының достығын нығайтуға қомақты үлес қосты. 

Газет беттерінде С.Торайғыров, С.Донентаев, П.Бажов, А.Иванов, Х.Габбасов, Г.Серебрякова,   Д.Черепанов, Қ.Мұхамедханов, Р.Сейсенбаев, М.Сарсеке және көптеген басқа да атақты жазушылар, ақындар, ғалымдар мақалалары шығарылды.  Газет материалдарында тарихтың барлық қайғылы бұрылыстарындағы халықтың тағдыры бейнеленген. Газет редакторлары: К.Шугаев, Н.Лягин, П.Коваленко, М.Рубинштейн, А.Панюков, Я.Савенков, И.Тепловтың тағдырлары ұжымдастыру, аштық, соғыстың ауыр жылдары, репрессияны басынан өткізген  ұрпақтың тағдырымен тығыз байланысты.    30-шы жылдары редактордың тағдыры  қауіп-қатерлі және қызығарлық емес еді. Ол түн ішінде түсініктеме беру үшін шақырылып мәңги-бақи жоқ болып кетуі мүмкін еді. 1937 жылдың мамыр мен желтоқсан аралығында «Прииртышская правда» газетінің бес редакторы ауыстырылды: Н.Кулик, Каил-Назаров, Г.Ольшанский, Н.Ростов, А.Мерлин. Желтоқсан айында А.Варламов редактор болып тағайындалды. Кейін Анисим Аникеевич Варламовқа жала жабылып, ол сталиндік террордың құрбаны болды және ату жазасына кесілді. 
1968 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

90-шы жылдары газет мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілін насихаттауға, халық тарихына, қазақ әдебиетіне халықтың назарын аударды. «Иртыш» және «Семей таңы» газеттері журналистерінің шығармашылық  ынтымақтастығы дәстүрлі түрде жалғасты. 1988 жылдан бастап 1994 жылға дейін газет редакторы қызметін  Николай Алексеев атқарды. 1997 жылы облыстың таратылуына байланысты «Иртыш» газеті жабылды.

Семей тері зауытының іске   қосылғанына 85 жыл

2013 жылдың 28 сәуірінде Семей тері зауытының іске қосылғанына 85 жыл толады. 1928 жылы семей қаласында тері зауыты пайдалануға берілді. 1936 жылғы 30 желтоқсанда Семей тері зауыттарының тобы (кәсіпорын осылай аталды) «Былғары-мех комбинаты» болып қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында комбинат Совет Армиясының қажетін өтеді. Зауытта былғары етіктер, бәтеңкелер, офицерлік қайыс белдіктері, тон қиындыларынан  кеудешелер, алжапқыштар мен қолғаптар шығарылды. 1950-59 жылдары  тері зауыты кеңейтілді. 1964 жылдың 1 қаңтарынан бастап тері комбинаты мех және тері-шикізат зауытымен біріктіріліп, «Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі» деп аталды. 1983 жылы қой терісінен жасалатын өндірісі пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта бұрын жабылып қалған өнеркәсіп орындарының ішінде «Семей-тері» былғары комбинаты тон бұйымдарын шығара бастады. Қазіргі уақытта мұнда түрлі үлгідегі бас киімдер мен әскери қызметкерлердің арнаулы киімдері де шығарыла бастады. Бүгінгі күні комбинатта жұмыс істейтіндер саны 783 адамға жетіп отыр. Кәсіпорын өндірістік қуатын күн өткен сайын арттырып келеді.

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-04-2013