Атаулы күндер тізбесі


Мамыр

Әнші Келденбай Өлмесековтың туғанына 60 жыл

Әнші Келденбай Өлмесековтың туғанына 60 жыл2013 жылдың 26 мамырында әнші Келденбай Өлмесековтың туғанына 60 жыл толады.
Келденбай Өлмесеков Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Құйған селосында 1953 жылы 25 мамырда туған. 1976 жылы атақты әнші Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебековтың сыныбы бойынша Республикалық эстрадалық-цирк студиясын бітірген.
1982 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің домбыра сыныбын сырттай тәмәмдады. 1977 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Семей қ. Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияда қызмет атқарды. 1980 жылы Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты, 1992 жылы музыкатанушы дәріскер республикалық байқаудың дипломанты атақтарын иеленді. Әнші Қазақстанды шарлай жүріп қазақ және орыс тілдерінде «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» тақырыппен лекция-концерттер берді. 2008 жылы Парижде өткізілген Абайдың 150-жылдығына арналған этнографиялық көрмеде К.Өлмесеков жоғары шеберлік көрсетіп Абай мен Шәкәрімнің әндерін орындады. 
К.Өлмесековтың орындауындағы Шәкәрімнің 15 өлеңі Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған. 2007 жылы «Шәкәрімнің әндері» атты аудио-альбом шығарылды. К.Өлмесековтың репертуарында көптеген халық әндері, халық композиторларының әндері: Біржанның, Ақан серінің, Ыбырайдың, Жаяу Мұсаның, Естай мен Әсеттің және қазіргі авторлардың әндері бар.
К.Өлмесеков кәсіби халық өнерін дамытуға қосқан зор еңбегі үшін 2001 жылы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, 2002 жылы – «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен, облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. 

 

Парақтар өзгертілді: 15-05-2013