Атаулы күндер тізбесі


Маусым

Шәкәрім Құдайбердіұлы, ақын, философ туғанына 155 жыл

2013 жылдың 24 шілдесінде ақын, философ Шәкәрім Құүдайбердіұлының туғанына 155 жыл толмақ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 20-шы ғасырдың басындағы қазақтың аса ірі ағартушыларының бірі.
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы, тобықты руынан тараған, ірі феодал Құнанбайдың ұлы.
Шәкәрім 5 жасқа толғанда, әкесі оны молдаға араб, парсы тілдерін үйрену үшін оқуға береді. Ол белсенділігінің, танымдылығының арқасында шығыс тілдерін, одан кейін орыс тілін тез меңгеріп алады.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Шәкәрім атасының қолында тәрбие алады. Оған әкесінің інісі жиырма жасар Абай тірек болады. Абайдың жетелеуімен оның әдебиетке, философияға, тарихқа, географияға музыкаға деген ынта-ықыласы оянып, қызығушылығы арта түседі. Абай інісінің музыкаға деген ынтасын байқап, ауылға белгілі домбырашы Біткебайды шақырады, ол кісі Шәкәрімді домбырада ойнауға үйретеді. 14-15 жасында Шәкәрім музыка шығара бастайды.
1903 жылы Ш.Құдайбердіұлын Семей орыс географиялық қоғамына мүше етіп тағайындайды. Онда орыс географиялық қоғамының мүшелері Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтармен, мұғалім Рахметолла Елкібаевпен танысып, араласа жүріп гуманистік ағартушылық көзқарасы оянады. 1906 жылы Шәкәрім атақты шығыс қалалары Каир, Стамбул, Мекке, Мединәні аралап, кітапханаларынан ежелгі қолжазбаларды жинайды. Стамбулда жүріп шығыс тілін үйренеді. Елге қайтарында ол белгілі ғалым, философ Кант, Пастер т.б жазушылардың кітаптарын  ала келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы сапардан келген соң «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханылар шежіресі» еңбектерін жазуға кірісіп кетті.   
Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхамед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907 ж.), орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Дубровский» атты повесін (1908), «Метель» әңгімесін (1936 г.), Л.Н.Толстойдың әңгімелері, Г.Бичер-Стоу «Хижина дяди Тома» романын және т.б. аударды.
Шәкәрім көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды, «Алаш» ұлттық-азаттық қозғалысына қатысты. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931 жылдардағы ашаршылық, 1928 жылғы жаппай тәркілеу барлығы ақынның дүниеге көзқарасын оятып, үлкен әсер етті. Осы кезде Шәкәрім халық арасынан кетуге мәжбүр болды. Ол Шыңғыстау тауларының бөктеріне келіп, жалғыз өзі өзінің өміріндегі болған оқиғаларға көз жібертіп өз ойын жазады. Ал ақынның бұл қылығы кеңес үкіметі басшылығына күдік туғызады. Ақырында оны қудалап жүріп 2 қазанда 1931 жылы өлтіреді. Денесін Бақанасқа жақын жерде орналасқан құдыққа тастайды.
30 жыл өткеннен кейін 1961 жылғы 8 тамызда ұлы ақынның сүйектері мұсылмандық әдет бойынша жерленді.
1988 жылғы көктемде Шәкәрімнің мұрасы халықтың игілігіне берілді және біздің рухани қазынамызды байытты.

 

 

Парақтар өзгертілді: 15-07-2013