Атаулы күндер тізбесі


Тамыз

5 тамыз - Семей қаласының ірге тасы қаланғанына 295 жыл (1718 жыл)

2013 жылдың 5 тамыз күні Семей қаласының ірге тасы қаланғанына 295 жыл толып отыр.
Семей қаласының тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихынан Семипалатинск бекінісінен басталады.
ХVIII ғасырдың басында патша үкіметінің, орыс өнеркәсіпшілер мен көпестердің шығыс пен оңтүстік-шығыста стратегиялық аймақтарды бекіту бойынша әрекеттері  күшейді, алдынғы қатарға Ертіс өзені жағалауындағы әскери бекініс жоспары қойылды. 1717 жылы Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойынша Павел Северский және Василий Чередов воеводалары басқарған жасақтар жіберілді.
Семей қаласының ірге тасы 1718 жылы қаланды, және Петр I шығыс жерлерін қорғау туралы жарлығымен және Ертіс жағалау бекіністерін тұрғызумен байланысты, олардың құрылысы 1714 жылдан бастап 1720 жылға дейін  созылды. Ертіс бойындағы тірек бекіністері көшпенділердің шабуылынан қорғану және сауданы дамыту үшін тұрғызылған.
1718 жылғы күзде Семипалатная бекінісі полковник П.Ступиннің қадағалауымен «нығайтылды және толықтай қаруланды».
Бекіністің іргесі қаланған соң Семей слободасы 1734 жылы да тұрды. Бұл жерде шаруалар мен әр түрлі шендеңілер тұрып жатты.
Кейін Семипалатинск бекінісінің тағдыры орыс-жоңғар, қазақ-орыс қарым-қатынастарына байланысты. 18 ғасырдың 40-шы жылдарының басында Семипалатинск бекінісінде әртүрлі калибрлі көне зеңбіректері жаңа зеңбіректермен ауыстырылды, фортификациялық құрылыс күшейтілді. Қайта қаруландыру нәтижесінде бекініс Ертіс жағалауындағы үздік әскери қамалға айналды. Шекара және әскери-тірек ретінде құрылған Семипалатинск бекінісі даму барысында Ресей мен Қазақстан, Ресей, Орта Азия мен Батыс Қытай арасындағы маңызды сауда орнына айналды.
1748 жылы Сібір губерниялық кеңсенің жарлығы бойынша Семипалатинск кедені қарамағында айырбас үйі салынды.
1767 жылы Семипалатинск  бекінісін жаңа ыңғайлы орынға көшіру туралы мәселе туындады. Бұрынғы орнынан 12 шақырымға  жоғары жер таңдап алынды. Бекіністі салу жоспары бекітілді.
1776 жылы Батыс Сібірінің генерал-губернаторы жаңа жоба бойынша бекіністің құрылысын бастау үшін капитан И.Г.Андреев іссапарға жіберілді.

 

 

 

25 тамыз Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 90 жыл (1923-1978)

Төлеубай Ыдырысұлы Аманов 1923 жылы 25 тамызда Жаңасемей ауданы, Құрманғожа ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы № 16 мектепте білім алып, 1939 жылы С.М.Кировтың атындағы ҚазМУ-нің физика-математика факультетіне түседі.         
1943 жылы Ұлы Отан соғысы қатарына алынып елін қорғауға қатысады. 1944 жылы ауыр жарақаттан соң еліне қайтарылып, Семейдегі Н.К.Крупская атындағы мұғалімдер институтында оқуын бітірген соң ұстаздық қызмет атқарады. 1953 жылы физика-математика ғалымдарының кандидаты, 1967 жылы докторлық диссертациясын қорғайды.

Семей педагогика институтының проректоры қызметін атқарды. 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институты директорының орынбасары және ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі. Т.Ы.Аманов 1970 жылдан бастап Математика және механика институтының директоры қызметін атқарды. 1972 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті атанды.  

   
Амановтың жетекшілігімен  10 ғылыми кандидаты әзірленді. Олар: профессор К.Нұрсұлтанов, Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі Таулық Рымжанов, физика-математика ғылымдарының кандидаттары доценттер С.Қалиева, Ш.Касенова, Н.Машрапова, Б.Базарханова және т.б. 50 астам ғылыми еңбектің авторы. Семей қаласында орталық көшелердің бірі және ондағы № 16 мектеп, және туған ауылындағы  орта мектеп және бір көше Т.Ы.Амановтың есімімен аталады.  

Парақтар өзгертілді: 06-08-2013