Атаулы күндер тізбесі


Қараша

Ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 75 жыл

Ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 75 жыл2013 жылдың 7 қарашасында ақын Кобрин Вячеслав Григорьевичтің туғанына 75 жыл толмақ.
Кобрин Вячеслав Григорьевич – ақын, Қазақстан Республикасының халықтар ассамблеясының мүшесі. Вячеслав Григорьевич 1938 жылғы 7 қарашада Тверь губерниясы Оленин ауданының Мясница деревнясында туылған.  Днепродзержинск қ. индустриялы техникумын аяқтады.

1957 жылы Семей қ. жұмысқа жіберілді, ол жерде 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін қаланың мекемелерінде қызмет атқарды. Жұмыстан бос уақытында поэзиямен айналысты шұғылданды. Қырық жыл ішінде 200 астам өлең жазды.     

1987 жылы Семей бейбітшілікті қорғау комитетінің тұңғыш төрағасы болды және «Невада-Семипалатинск» қозғалысына қатысты. 
В.Кобрин 1995 жылы республикалық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып сайланды.
1999 жылғы 19 қаңтарда В.Кобринге «Семей қ. құрметті азаматы» атағы берілді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен В.Г.Кобрин «Құрмет» орденімен марапатталды.

Цемент зауытының іске қосылғанына 55 жыл

Цемент зауытының құрылысы 1952 жылы басталды. 1957 жылы цехтардың корпусы салынды, 1958 жылы 19 қазанда бірінші технологиялық желі іске қосылды. 1958 жылы 5 қарашада цемент диірмені қосылды, алғашқы семейлік цемент өндірілді.
1965 жылы цемент зауытының төртінші технологиялық желісі іске қосылды. Семей цементінің маркасы кеңінен танылды. Ол жоғары сапасымен ерекшеленді,  аса жауапты әскери тапсырыстарды орындау кезінде пайдаланылды, Ресейге, Иранға, Ауғанстанға жіберілді. Зауыт ұжымы бірнеше рет КСРО Министрлер кеңесінің және Қазақ КСР Қызыл Туымен марапатталды.

1987 жылы  зауыт ауыл шаруашылығының қажеттілігіне жыл сайын 1 миллион 230 мың тонна цемент шығарды.
Семей цемент зауыты Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына қатысты.

Қазіргі уақытта зауыт Қазақстандағы ірі цемент өндірушілердің бірі болып табылады.      «Семейцемент» ЖАҚ директорлар кеңесінің негізінде жұмыс істейді. Зауыт ұжымы цемент сапасын жақсарту бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді және Новосибирск қ. «СибНИИпроект»,  Москва қ.  «НИИцемент», Шымкент қ. «Оргпроектцемент» институтымен, Курчатов қ. «Луч» ғылыми  бірлестігімен іскерлік қарым-қатынаста.

 

 

Парақтар өзгертілді: 11-11-2013