Атаулы күндер тізбесі


Ақпан 2014 ж.

Невада-Семей антиядролық қозғалысына – 25 жыл (1989)

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 25 жыл толып отыр.  
Елу жыл Семей жерінде ядролық жарылыстар сынақ алаңында жүргізілді. Семей халқы 1989 жылға дейін ауадағысы бар, жер асты, жер үстісі бар 473 жарылысты өткізді. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы 1989 жылы құрылды. Осы антиядролық қозғалысты белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – Семей және жер бетіндегі барлық сынақ алаңдарын жабу, әскери ядролық сынақтарды тоқтату, ядролық соғыс қауіпін жою.  Қозғалыстың бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, және де Ресейде, АҚШ, Италияда, Жапонияда, Түркия мен басқа мемлекеттерде ашылды.  
1991 жылғы  29 тамызда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабуға Жарлыққа қол қойды.  

Невада-Семей антиядролық қозғалысына – 25 жыл (1989) Невада-Семей антиядролық қозғалысына – 25 жыл (1989)

Абайтанушы, әдебиет зерттеушісі мен сыншы, Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 75 жыл

Абайтанушы, әдебиет зерттеушісі мен сыншы, Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 75 жыл2014 жылдың 18 ақпанда Абайтанушы, әдебиет зерттеушісі мен сыншы, Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 75 жыл толғалы отыр. Белгілі жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы Ерназар ауылында 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.  1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975  жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұмыстарынан бастады. 1964-1969 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданы Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті.

1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.

1976 жылдың 12-сәуірінен күні бүгінге дейін Абай қорық мұражайында жұмыс істеді. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), «Оймен оңаша» атты поэзиясы (1999 ж.) , «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу еңбектерінің авторы.
Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтың рухани мұраларын кеңінен насихаттағаны, белсенді қоғамдық қызметі, Семей өңірінде мұражай ісінің, әдебиет пен өнердің  дамуына қосқан жеке еңбегі үшін Т.С.Ибрагимовқа 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Белгілі журналист, қаламгер Дәулет Сейсенұлының туғанына 65 жыл

Белгілі журналист, қаламгер Дәулет Сейсенұлының туғанына 65 жыл2014 жылдың 28 ақпанда белгілі журналист, қаламгер Дәулет Сейсенұлының    туғанына 65 жыл толмақ.
Жазушы-журналист  Дәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, «Аманат» журналында, еларалық "«Заман Қазақстан» газетінде, облыстық партия комитетінде және облыстық әкімшілікте қызмет атқарған.

Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы  қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай ««Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты.

Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы  мен Абай ауданының құрметті азаматы.

 


Парақтар өзгертілді: 28-02-2014