Атаулы күндер тізбесі


Наурыз

Әнші, сазгер, қаламгер Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 65 жас

Жәнібек КәрменовЖәнібек Кәрменов 1949 жылы 22 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс-Қазақстан облысы) Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келді. Жәнібек Кәрменов әншілік дарынымен бала кезінен танылды. Ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемелекеттік университетінде, Республикалық эстрада студиясында белгілі әнші Жүсүпбек Елебековтың сыныбында оқып білім алды. «Өнер» баспасы редакторының қызметін атқарды. 
Жәнібек репертуарының бас арқауы - Ақан, Біржан, Мәди, Естай, Әсет, Кенен әндері. Әншінің орындауында тұңғыш рет Ақтамберді, Бұқар жыраудың және Шәкәрімнің әндері шырқалды. Ол шырқаған «Әудем жер», «Балқадиша», «Жанбота», «Жамбас сипар», «Інжу маржан», «Үш қара» т.б. әндері әншінің орындауындағы жоғалмайтын, ұрпақтан-ұрпаққа кететін қазына.
Ж.Кәрменов Алма-Ата қ. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда халық әндері кафедрасын құрушылардың бірі және оның бірінші меңгерушісі болып қызмет етті.
Жәнібек Кәрменов 1984 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты,  республиканың «Еңбек сіңірген әртісі» атағы 1990 жылы берілді.
1992 жылы маусым айында көлік апатынан қайтыс болды. Қарауыл ауылының музыкалық мектебіне 1996 жылдан бастап есімі берілді.

 

ҰОС ардагері, білім үздігі Асылхан Табылдинович Бекбаевтың туғанына 90-жыл

90 лет со дня рождения ветерана ВОВ, отличника просвещения АсылханаТабылдиновича Бекбаева2014 жылғы 31 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагері, «Құрмет белгісі» орденді кавалер, КСРО және Қазақстан Республикасының білім үздігі Асылхан Табылдинович Бекбаев 90 жасқа толды.
Асылхан Табылдинович Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семеновка селосының қасындағы Ойқарағай  ауылында шаруаның отбасында дүниеге келді.
1940 жылы Семеновка селосының жеті жылдық мектебін тәмәмдаған соң Семей геология барлау жұмысшылар факультетіне түсті.

Бесқарағай аудандық әскери комиссариаты Асылхан Табылдиновичті 1942 жылы 20 маусымда армия қатарына шақырды, ол бірден Қазақ КСР Петропавловск қ. орналасқан Селищенск авиациялық механиктер әскери мектебіне курсант болып алынды. Мектепті аяқтап, 1943 жылғы қазан айында 6-ші гвардиялық бомбалайтын дивизияның 13-ші атқыштар авиациялық полкіне жіберілді.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Асылхан Табылдинович ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, он екі медалімен және естелік белгілерімен марапатталды.

Соғыстан кейін Асылхан Табылдинович толық орта мектебін, орыс тілі мен әдебиет мұғалімінің мамандығы бойынша Семей қ. Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтты бітірді. 1963 жылы А.Т.Бекбаев Семей педагогикалық училищенің директоры болып тағайындалды, бұл оқу орнында ол 1987 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін жемісті қызмет атқарды.
А.Т.Бекбаев мемлекеттік сақтауға өткізген құжаттар үнемі сұранысқа ие және жас ұрпақты тәрбиелеуде құнды тәжірибе ретінде қолданылады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-04-2014