Атаулы күндер тізбесі


Сәуір

Ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 115-жыл

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың2014 жылдың 12 сәуірінде ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 115-жыл толып отыр.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – белгілі ғалым, геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.


Қаныш Сәтпаев 1899 жылғы 12 сәуірде Семей губерниясы Павлодар уезінің Ақкелін болысының ауылында дүниеге келген (қазіргі Павлодар обылысы).
1911-1914 жылдары Павлодар қаласының орыс-қазақ бастауыш мектебінде білім алды. 1914-1918 жылдары Семей мұғалімдер семинариясында оқыды. Семинарияда ол Мұхтар Әуэзовпен және ақын  Сұлтанмахмұт Торайғыровпен танынасады. Сәтпаев семинарияны үздік бітіріп қалада қалып 2-жылдық мұғалімдер курсында мұғалім болып жұмыс істеді, жаратылыс тану курсын жүргізді.  Осы кезеңде қазақ тілінде алғашқы «Алгебра» оқулығының жасайды. Бұл болашақ академиктің бірінші ғылыми еңбегі еді.


1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясының қызметін атқарды. Осы Баянауылда профессор М.А.Усовпен танысып геолог болуға шешім қабылдайды. 1921 жылдан 1926 жылға дейін Сібір технология институтының тау-кен факультетінде білім алды. Институтты аяқтағасын «Атбасцветмет» трестінің геология бөлімін басқарады. 1941-1964 жылдары Қаз.КСР геология ғылымдары институтының директоры қызметін атқарды, республиканың ҒА Президенті болып сайланды. Сәтпаевтың көптеген ғылыми еңбектері Қазақстанның кен орындарының геологиясын және минералды қорларын зерттеуге арналған.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – Қазақстанның ҒА ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі, Қазақстанның ҒА академигі, Тәжікстан ҒА құрметті мүшесі. Қ.Сәтпаев КСРО Мемлекеттік премия лауреаты, Ленин орденімен төрт мәрте, 2 дәрежелі Ұлы Отан орденімен  марапатталды.

Төкен Ибрагимовқа 75 жас

Төкен Ибрагимовқа 75 жас2014 жылы 10 сәуірде Абай атындағы әмбебап кітапханасында Семей өңірінің ардақты азаматы, белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнерді зерттеуші, абайтанушы - Төкен Смағұлұлы Ибрагимовтың 75-жасқа толу мерей тойы аталып өтті.

Мерей тойға қаламыздың түрлі мекемелерінен өкілдер келіп, Төкен Смағұлұлына игі тілектер айтылды. Бұл кешке Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынан мамандар қатысып, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қ.Қадырова мерей той иесін құттықтап, сыйлықтар табыс етілді.
Студенттер атынан әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Аталмыш кеш жоғары деңгейде өтті.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-04-2014