Атаулы күндер тізбесі


Мамыр

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, педагог Жақия Шәйжүнісовтың туғанына 100 жыл

100 лет со дня рождения педагога, Заслуженного учителя Каз. ССР Жакии Чайжунусова 2014 жылдың 29 мамырда Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, педагог Жақия Шәйжүнісовтың туғанына 100 жыл толғалы отыр. Шәйжүнісов Жақия Шәйжүнісұлы – Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР халыққа білім беру озаты, одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Шәйжүнісов Жақия Шәйжүнісұлы 1914 жылы 29 мамырда Семей облысы Абай ауданы Жабалы ауылында дүниеге келді. 1931 жылдан 1933 жылға дейін Семей қаласының педагогикалық училищесінде білім алған. Училищені бітіргесін Көкпекті ауданына жіберілді. Бұл жерде ол өзінің еңбек жолын М.Горький атындағы балалар үйінде тәрбиеші қызметінен бастады, кейін директордың орынбасарына дейін көтерілді, ал 1938 -1976 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін осы оқу орнының директоры лауазымын атқарды.
Шәйжүнісов Жақия 1983 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болды. Ағартушының есімі берілген көшенің  № 105 үйінде  ескерткіш тақта орнатылған.

Ақын, журналист Кашаф Туғанбаевтың туғанына 90 жыл

Ақын, журналист Кашаф Туғанбаевтың туғанына 90 жыл 2014 жылдың 20 мамырда ақын, әрі журналист Кашаф Туғанбаевтың туғанына 90 жыл толғалы отыр. Кашаф Айтжанович Туғанбаев – ақын, журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Кашаф Туғанбаев 1924 жылы Абыралы ауданының Қайнар ауылында дүниеге келді. Қайнар ауылы орта мектебін бітіргесін соғысқа аттанды. Майданда ұрыстарға қатысты, 1944 жылы жарақат алып еліне оралды.
Ақын еңбек жолын аудандық газетте бастады, кейін облыстық «Екпінді», «Семей таңы» газеттерінде қызмет етті. 1948-1951 жылдары Абай ауданының атқару комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
К.А.Туғанбаевтың поэмалары, өлеңдері республикалық газеттер мен журналдарда басылды. Ол – «Партбилет», «Ақ бұлақтар» өлеңдер жинақтарының авторы.
1974-1984 жылдары Кашаф Туғанбаев Республикалық Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры болды.
Жауынгерлік еңбегі үшін «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысына қатысушы» медальдарімен марапатталған.

Парақтар өзгертілді: 19-05-2014