Атаулы күндер тізбесі

Маусым

18 маусым Жазушы, педагог, аудармашы Түлек Тілеухановтың туғанына 75 жыл

18 маусым Жазушы, педагог, аудармашы Түлек Тілеухановтың туғанына 75 жыл 2014 жылдың 18 маусымда жазушы, педагог, аудармашы Түлек Тілеухановтың туғанына 75 жыл толғалы отыр.
Түлек Тілеуханов 1939 жылы 18 маусымда Семей облысының Шұбартау ауданының «Бақанас» совхозында  дүниеге келді.
1964 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филологиялық факультетін тәмамдаған.
Т.Тілеуханов 1964-1969 жылдары педагогикалық қызметпен айланысты. Ол орта білім беру мектебінде завуч, кейін директор болып қызмет атқарды. 1974 жылдан бастап «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.  
Түлек Тілеуханов 1964 жылдан бастап басылды. Ол 1971 жылы «Көрші» («Жас көрші») повестер мен әңгімелер жинақтары, 1973 жылы «Светлая душа» («Добрая душа») повесті, 1984 жылы «Наши отцы», 1981 жылы «Пролог к жизни» романы жарияланды.
Т.Тілеуханов қазақ тіліне А.Маршалл, А.Плавака, Хаким Назира, А.Беляевтың  және басқа да авторлардың шығармаларын аударды.

 

Жазушы, публицист Нұрғазы Шакеевтың туғанына 85 жыл

Жазушы, публицист Нұрғазы Шакеевтың туғанына 85 жыл 2014 жылдың 10 маусымда жазушы, публицист, журналист,  аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғазы Шакеевтың туғанына 85 жыл толады.
Нұрғазы Шәкеев – жазушы, публицист, журналист,  аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Нұрғазы Шәкеев 1929 жылы 10 масымда Семей облысының Ақсуат ауданы «Алғабас» колхозында дүниеге келген.
Нұрғазы Шәкеев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл мен әдебиет факультетін бітіргесін «Социалистік Қазақстан» газетіне әдеби қызметкер болып қабылданды. Кейін бөлім меңгерушісі және жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
Ол бірнеше жыл  «Ара» журналының, «Мектеп» баспасының бас редакторы, Қазақ КСР Мемлекеттік комитетінің баспа ісі, полиграфия мен кітап саудасы бойынша бас редакторы болып жұмыс істеді.
Нұрғазы Шәкеев әдеби шығармашылықтың көркем публицистикасымен айналысты. 1965 жылы автордың очерктері «Менің таныстарым» атты жеке кітап болып шықты.
Н.Шәкеев қазақ тіліне көптеген кеңес және шетел жазушыларының әңгімелерін аударды.
Нұрғазы Шәкеев «Тың жерледі игергені үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Республиканың баспа органдарында жемісті еңбек еткені үшін оған «Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 17-06-2014