Атаулы күндер тізбесі

Шілде

Журналист, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Валентин Филатовтың туғанына 90 жыл

2014 жылдың 18 шілдеде журналист, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Валентин Филатовтың туғанына  90 жыл толмақ.
Валентин Михайлович Филатов 1924 жылдың 18 шілдеде Семей қаласында дүниеге келді. Ол Ұлы Отан соғысының майдан ұрыстарына қатысты.

1947 жылы Валентин Филатов С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. 1947 жылдан бастап 1963 жылға дейін «Ленинская смена» және «Казахстанская правда» газеттерінде қызмет атқарды. 1963 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты.

1961 жылы «На Маусе» атты автордың алғашқы повесті жарық көрді. 1970 жылы Валентин Михайловичтің «Февраль – короткий месяц» атты повестер мен әңгімелер жинағы баспадан шықты.  
Валентин Филатовтың шығармаларында Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық жауынгерлердің ерен ерлігі суреттелген,  соғыс жылдардың ауыр жағдайы, жауынгер-солдаттардың жау жүректігі мен төзімділігі, олардың бауырластығы деректер негізінде көрсетілген.

Өлке  зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына 150 жыл (1864-1937)

Өлке зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына 150 жыл (1864-1937) 2014 жылы 27 шілдеде өлкетанушы, тарихшы, энограф, мұрағатшы, ғалым Н.Я.Коншиннің туғанына 150 жыл толады. Ол Тверь қаласында дүниеге келді. Николай Яковлевич Коншин – Семей өлкесіне бай мұра қалдырған, Семей қаласы мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, жан-жақты, талантты адам. 1886 жылы Ярославль-Демидов заң лицейінде оқып, кейін Мәскеу университетіне  түсті. Халықшылар ұйымына қатысқаны үшін Батыс Сібірге жер аударылды. Француз, неміс және латын тілдерін еркін меңгерген. 1890 жылы Семей қаласына жер аударылып, өмірінің кейінгі жылдарын осы жерде өткізді.

Н.Я.Коншиннің жалпы зерттеу жұмыстары Семей өлкесіне арналды. Мысалы, «Положение перселенческого  дела и переселенцев в Степном крае», «О памятниках старины в Семипалатинской области», «Очерк экономического быта киргиз Семипалатинской области», «Жандармские наблюдения за семипалатинскими чиновниками», «Заметка об одном киргизcком джуте», «К истории открытия Кокпектинского округа» және т.б.
1904 жылы Н.Я.Коншин белсенді қызметі үшін, орыс географиялық қоғамы императорының кіші күміс медалімен марапатталды. Ол 1905 жылы  «Семипалатинский листок» газеті редакторының қызметін атқарды. Н.Я.Коншин бірнеше жыл Семей қалалық думасының мүшесі болды. Ол Семей бөлімшесіндегі Батыс-Сібір қоғамында қызмет атқарды және Семей губерниялық мұрағат қорының бірінші меңгерушісі болды. Қызмет барысында ол мұрағатта сақталған құжаттарға каталог жасады. Каталогқа Ертіс аймағында тұратын ұлт өкілдері туралы ақпаратты өлкенің тарихы туралы мәліметтерді енгізіп отырды.
Николай Яковлевич Коншин 1937 жылғы 1 тамызда  Семей қаласында дүниеден өтті.

Танымал зерттеуші Н.Я.Коншиннің еңбектері Шығыс Қазақстан тарихы, географиясы, этнографиясында негізгі тарихи құндылық болып табылады.

 

Парақтар өзгертілді: 23-07-2014