Атаулы күндер тізбесі

Тамыз

Семей қаласының құрметті азаматы Исхатбек Кадырович Мамедбаковтың туғанына 85 жыл

Семей қаласының құрметті азаматы Исхатбек Кадырович Мамедбаковтың туғанына 85 жыл2014 жылғы 23 тамызда Семей қаласының құрметті азаматы Исхатбек Кадырович Мамедбаковтың туғанына 85 жыл толды.
Исхатбек Кадырович 1929 жылы Көкшетау қ. дүниеге келді. Мектепті үздік бітіріп Одесса қ. тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтына түсті. 1952 жылы Семей облысаралық «Главсельхозмука» басқармасына жолдама бойынша жіберілді. И.К.Мамедбаков 1956 жылы Семей қалалық партия комитетінің бөліміне ауыстырылды, бір жылдан кейін қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1965 жылы Семей атқару комитетінің төрағасы, ал 1973 жылы – Семей қалалық партия комитетінің төрағасы болып сайланды.
Исхатбек Кадырович қаланың құрылысы мен көркейтуіне өз үлесін қосты. Көп жылғы адал еңбегі үшін  екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 1999 жылы Исхатбек Кадырович Мамедбаковқа «Семей қ. құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Парақтар өзгертілді: 20-08-2014