Атаулы күндер тізбесі

Қараша

АбдулкаримоваСемей облысы қоғамдық орталық президиумының мүшесі
Найля Юсуповна Абдулкаримованың туғанына 85 жыл

2014 жылғы қараша айында Семей облысы қоғамдық орталық президиумының мүшесі Найля Юсуповна Абдулкаримованың туғанына 85 жыл толады.
Найля Юсуповна Семей облысының Жаңа-Семей ауданы Зубаир ауылында дүниеге келді. Жеті жылдық мектепті аяқтап, кейін қаржы-экономикалық техникумын бітірді. 1952 жылы Семей педагогикалық институтқа оқуға түсіп, оны 1956 жылы «Математика және физика» мамандығы бойынша бітірді.  
Найля Юсуповна еңбек жолын Семей облысының Жаңа-Семей ауданы Белокаменск с. мектебінде мұғалім, кейін оқу меңгерушісі болып бастады. Ол БЛКЖО Жаңа-Семей АК екінші хатшысы болып сайланды. Ново-Покров орта мектебінің, медициналық училищенің, электриктер КТУ және Семей қ. бір қатар мектептерінің математика пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
Жұбайы Махмут Хамитовичпен бірге қоғамдық жұмысқа белсенді араласты. Махмут Хамитовичтің бастамасымен  Семей қ. 1990 жылы татарлардың қоғамдық орталығы ашылған кезде Найля Юсуповна президиумның мүшесі болып сайланды.  «Семей таңы» облыстық газетінің «Галиябану» татар тіліндегі шығатын бетін редакциялады, орталық қалалық кітапхана жанындағы «Туған тіл» әдеби-музыкалық клубтың мүшесі болды. Найля Юсуповна татар мәдениеті мен тілін өркендету бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Найля Юсуповнаның құжаттары біріккен Абдулкаримовтардың отбасылық мұрағат қорына енгізілген және ҚЗТҚО мемлекеттік сақтауға алынған.

 

СагимбаеваСемей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі Төлеу Шагировна Сағымбаеваның туғанына 95 жыл

21 қарашада Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі Төлеу Шагировна Сағымбаеваның туғанына 95 жыл толады. Төлеу Шагировна еңбек жолын 1940 жылы «Халық мұғалімі» журналының редакциясында машинистка болып бастады. 1942 жылы қаржы қызметкерлерін дайындау курсын бітірді. Алма-Ата облысының Кеген ауданында, Семей облысының Аягөз, Абай, Шұбартау аудандарында салық және қаржы органдарында жұмыс істеді. 
1971 жылдан 1983 жылға дейін Төлеу Шагировна Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімін басқарды. Төлеу Шагировнаның бастамасымен  1980 жылы арнайы жоба бойынша Семей облысының мемлекеттік мұрағатының (қазіргі ҚЗТҚО) ғимараты салынды, жаңа стеллаждар орнатылды, Шар және Аягөздегі филиалдары өздерінің материалдық жағдайларын жақсартты, жаңа ғимараттарға қол жеткізді.
Т.Ш.Сағымбаеваның еңбек және қоғамдық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО және Қазақ КСР бас мұрағат басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Төлеу Шагировна Сағымбаева Семей облысының мұрағат ісінің дамуына баға жетпес үлесін қосты.


ЧебардаковаҰлы Отан соғысының ардагері Анна Андреевна Чебардакованың туғанына 95-жыл

20 қарашада Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Андреевна Чебардакованың туғанына 95-жыл толады. Ол 1919 жылы Семей қ. туған. 1942 жылдың сәуір айында комсомол-қыздардың ұраны, Семей қалалық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша Анна Андреевна Қызыл Армия қатарына өз еркімен шақырылды. Біздің қаланың 76 қыздарымен бірге алыс Түрікмен жеріне жіберілді. Чарджоу қаласында 34 әуе бақылау, хабарландыру және байланыс жеке рота (ӘБХБ) – Орта азиялық әскери округтағы жалғыз әйелдер ротасы құрылды.
1945 жылы 34-ші ӘБХБ жеке рота ӘШҚҚ корпусының 87 дивизия, Оңтүстік-Батыс майданының ӘШҚҚ жедел тобының құрамында болатын.
Рота құрамында  Анна Андреевна Украина мен Польшаны азат ету ұрыстарына қатысты. А.А.Чебардакова Жеңіс күнін Краков қ. қарсы алды және 1945 жылдың тамыз айында кіші лейтенант атағында әскерден қайтарылды.
Анна Андреевна Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалімен, көптеген мерекелік медальдармен және құрмет белгілерімен марапатталды.
А.А.Чебардакованың құжаттары  1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мұрағаттық құжаттар жинағына енгізілген.

 

КвочкинҰлы Отан соғысының ардагері
Григорий Федорович Квочкинның туғанына 95-жыл

12 қарашада Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Федорович Квочкинның туғанына 95-жыл толды. Ол 1919 жылдың қараша айында Семей облысы Бесқарағай ауданы Большая Владимировка селосында туған. Жеті жылдық мектепті бітірді. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызыл Армия қатарында байланысшылар курсын бітірді. Ұлы Отан соғысын  ол Харьков қ. жанында қарсы алды, 1941 жылғы 23 маусымнан бастап соғыстың аяғына дейін ұрыстың алдыңғы қатарында соғысты. Екі рет жарақат алды. Г.Ф.Квочкин 9 Армияның құрамындағы 104-ші жеке кабельді-шесттық ротаның бөлімше командирі болды, Украина және І-ші Белоруссия майдандарында соғысты, Кавказ ұрыстарына, Белоруссия мен Польшаны азат ету ұрыстарына қатысты. Жеңіс күнін Берлин қ. жанында қарсы алды.  
1952 жылы  Григорий Федорович Ленинград қ. Ленин атындағы Ленин орденді Қызыл ту әскери-саяси академиясына түсіп, 1957 жылы офицер саяси қызметкер мамандығы бойынша бітірді. Г.Ф.Квочкин 1961 жылы әскерден қайтарылды. Әскерден келгесін Семей қалалық атқару комитетінде нұсқаушы, Семей облыстық КААФЕҚ, облыстық азаматтық қорғаныс штабында курс ұстазы,  Семей мемлекеттік медициналық институты әскери кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Григорий Федорович Қызыл Ту, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін»,  «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» медальдарімен, мерекелік медальдармен және естелік белгілермен марапатталды. КСРО Қарулы Күштеріндегі адал қызметі үшін  І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
Г.Ф.Квочкинның құжаттары  1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мұрағаттық құжаттар жинағына енгізілген.

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014