Атаулы күндер тізбесі

Қараша

БейсембаевАбайдың әдеби-мемориалдық мұражайының ғылыми қызметкері Бейсембаев Мұздыбай Бейсембайұлының туғанына 85 жыл толды

2014 жылғы 14 желтоқсанда Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының ғылыми қызметкері Бейсембаев Мұздыбай Бейсембайұлының туғанына 85 жыл толды. Ол 1929 жылы Семей облысының Абыралы ауылында дүниеге келді. Қайнар ауылында орта мектепті бітіріп 1948 жылы педагогикалық училищеге оқуға түсті, кейін Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет бөлімінде оқыды. Мұздыбай Бейсембайұлы еңбек жолын 1954 жылы оқуын аяқтағасын бастады. Ол мұғалім, кейін Ақсуат ауылы орта мектебінің директоры, Семей педагогикалық училищенің оқытушысы, ал 1968 жылдан  Абай мұражайының аға ғылыми қызметкері болды.

Абай шығармашылығы туралы  М.Б.Бейсембаевтың зерттеу жұмыстары республикалық, облыстық және Семей қаласының газеттері мен журналдарында жарияланды.
М.Б.Бейсембаев - екі жүзге жуық мақалалардың және Абай энциклопедиясының авторы. 1992 жылы Абайдың 150-жылдығына арналған Республикалық халық шығармашылық конкурсына қатысып 1 орынды иеленді. Абайтану саласына сіңірген еңбегі үшін М.Б.Бейсембаевқа «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері»   және «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері» атағы берілді.

М.Б.Бейсембаевтың құжаттары Бейсембаевтардың отбасылық мұрағат қорының құрамында мемлекеттік сақтауға қабылданды.

 

ШаймарданҚазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі Шаймардан Ахмарұлы Қалиақпаровқа 75 жас

2014 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі Шаймардан Ахмарұлы Қалиақпаров 75 жасқа толды. 
Шаймардан Ахмарұлы Семей облысының Жаңа-Семей ауданы Қызыл-Құйған ауылында 1939 жылы дүниеге келді.  Ебетей ауылы орта мектебінің 7 сыныбын бітірген соң Семей қ. № 11 мектебінде оқуын жалғастырды, кейін Семей геология-барлау техникумына оқуға түсті.
Техникумды «Барлау бұрғысы технигі» мамандығы бойынша бітіріп Қарағанды қ. Орталық Қазақстандық геология барлау экспедициясына, кейін Жезқазған қ. маңындағы Жыланды геология барлау партиясына жіберілді. 
1960 жылғы қараша айында Шаймардан Ахмарұлы Кеңес Армия қатарына шақырылды, 1961 жылдың шілде айында Кемерево қ. әскери байланыс училищесіне оқуға түсті.
1964 жылы Шаймардан Ахмарұлы «Радиорелелік байланыс технигі» мамандығы бойынша училищені үздік бітірді, лейтенант атағын алды, кейін Самбор қ. Прикарпат әскери округінің 302-ші жеке радиорелелік батальонына қызметке жіберілді.   
1967 жылдан 1972 жылға дейін Ленинград қ. әскери байланыс академиясында оқыды. 1972 жылдан 1974 жылға дейін Иркутск облысы Ангарск қ. 178-ші жеке байланыс батальонында техникалық бөлімнің аға инжерінің қызметін атқарды.
1974-1977 жылдары Ш.А.Қалиақпаров 1141-ші әскери құрылыс отряды командирінің техникалық бөлімі бойынша орынбасары болды. 1978-1982 жылдары Алма-Ата қаласының Азаматтық қорғаныс штабының жедел бөлімінде аға офицерінің қызметін атқарды, ал 1982-1986 жылдары – Алма-Ата облысының Азаматтық қорғаныс штабы бастығының орынбасары.
1986 жылы Ш.А.Қалиақпаров Семей облысының Азаматтық қорғаныс штабы бастығының орынбасары, Семей қ.  Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып ауысты.
Ш.А.Қалиақпаров демалысқа шыққасын 1990 жылғы сәуірден бастап қалалық «Қазақ тілі» қоғамын, 1991 жылы – «Естелік кітап» облыстық редакцияны басқарды. 1992 жылы «Қазақстанның халық конгрессі» партияның облыстық ұйымын құрды.
Шаймардан Ахмарұлы ҚР журналистер одағының мүшесі. Ш.А.Қалиақпаровтың жазған материалдары көптеген республикалық, облыстық және қалалық басылымдарда басылып шықты. «Герой Курской битвы», «Крематорий Бухенвальда не принимает», «Герой из Прииртышья», «Чтоб вступили в строй солдатский» және т.б. Ұлы Отан соғысына арналған кітаптардың авторы.
2008 жылы Шаймардан Ахмарұлы балаларға арналған «Әже мен немере» әңгімелер жинағын шығарды. Сол жылы тарихшы және этнограф Адольф Янушкевич туралы «Адольф Янушкевичтің ізімен» атты тарихи очерк жарық көрді.
2011 жылы белгілі жазушы Әзілхан Нұршаиховқа арналған «Әз-аға» деген естеліктер мен мақалалар жинағы баспадан шықты. Жинаққа «Шығармалары – рухани халық қазынасы» атты Ш.Қалиақпаровтың мақаласы кірді.
2013 жылы екі томды «Ауылым – әрқашан есімде» («Родной аул - навсегда в моем сердце») атты өмірбаяндық повесть баспадан шықты.
Ш.А.Қалиақпаровтың жеке қоры 1930 жыдан 2014 жылға дейінгі мерзімді қамтиды және 80 сақтау бірлігінен тұрады.  

Парақтар өзгертілді: 08-01-2015