Атаулы күндер тізбесі

Қаңтар

Биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, қоғам қайраткері Михаил Семенович Паниннің туылғанына 75 жыл

Биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, қоғам қайраткері Михаил Семенович Паниннің туылғанына 75 жыл2015 жылдың 6 ақпанда ғалым, қоғам қайраткері Михаил Семенович Панин 75 жасқа толып отыр. М.С.Панин Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Камышенка ауылында 1940 жылы дүниеге келді. Семей педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітірген М.С Панин жоғарғы оқу орнында ассистенттен бастап бірінші басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті: химия кафедрасын басқарды, биология-химия факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, 1995 жылдан 1997 жылға дейін «Семей» мемлекеттік университетінің ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, 1997-2004 жылдар аралдығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2004-2005 жж. оқу ісі жөніндегі проректоры, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.
Ғылыми педагогикалық саладағы қызметі үшін “Құрмет” орденімен, «Еңбек Ері» медалімен марапатталды. «КСРО- ның ағарту үздігі»,   «Қазақ ССР- ның халық үздігі», «Қазақстан Республикасы білім ағарту үздігі» атанды.  Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін және көрсеткен әсері үшін биология ғылымының докторы, химия профессоры, академик М.С.Панин «Әлемдегі Жетекші Ғалымы» болып танылды.
1997 жылы 28 қазанда Семей қаласы әкімінің шешімімен Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін, қоғңамдық-саяси белсенділігі үшін, сондай-ақ Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Михаил Семенович Панинге Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші, актриса Күләш Сәкиеваның туғанына 95 жыл

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші, актриса Күләш Сәкиеваның туғанына 95 жыл2015 жылдың 156 ақпанда Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші, актриса  Күләш Сырымбетқызы Сәкиеваның туылғанына 95 жыл толып отыр.
Күләш Сырымбетқызы Сакиева 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған. Сахна табалдырығын 1940 жылдары аттаған жиырма жастағы Күләш 1941 жылы Алматы театралдық училищесін тәмамдайды.
Актерлік қызметін Жамбыл театрында бастаған Күләш апамыз Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Содан бері өзінің Меккесіндей болған Семей топырағына табан тіреу, онда ғұмыр кешуді өзіне бақыт санаған Күләш Сырымбетқызы Абай атындағы музыкалы сазды драма театрында 70 жылға жуық еңбек етіп,  300-ден астам арулар бейнесін сомдап, халқына рухани ләззат сыйлап, өнер сүйер қауымның ізгі ілтипатына бөленген жан.
Күләш Сәкиеваның бойындағы драмалық шеберлігі мен музыкалық таланты әсіресе Шолпанның (М.Әуезов «Айман-Шолпан»), Ақжүністің ролін (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын») сомдаған ролдерінен ерекше ұштала түсті.  
Театртанушы Қ.Қуандықов «Әншілік пен ақындық, шебер актерлік – бір адамның басына сирек қонатын бақыт. Міне, осындай асыл өнер, бақыт иесінің бірі – Сәкиева Күләш» деп жазған еді.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1958), Қос орденді «Құрмет белгісі орденінің» иегері (1946), (1959 ж.)  бірнеше медальдардың,  иесі, Еңбек ардагері (1982).   Бүгінде театрдан қол үзбей, рольдерге де қатысып, жастарға да ақыл-кеңесін беріп жүрген Күләш Сәкиева бойындағы бүкіл қажыр-қайратын халыққа арнады.

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2015