Атаулы күндер тізбесі

Сәуір

Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдырахман Ақатаевич Самаевтың туғанына 95 жыл толды

Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдырахман Ақатаевич Самаевтың туғанына 95 жыл толды2015 жылғы сәуір айында Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдырахман Ақатаевич Самаевтың туғанына 95 жыл толды. Ол 1920 жылы Семей облысы Абыралы ауданының № 14 ауылында дүниеге келді. 1928 жылы Самаевтың отбасы Семей қаласына көшіп келді. Қабдырахман мектепті бітіргесін Семей қ. геология барлау техникумының жұмысшылар факультетіне оқуға түсті, оны 1937-1938 жылдары аяқтап Бесқарағай ауданы «Жаңа-Күш» колхозының орта мектебінде  мұғалім, 1938-1939 жылдары Бесқарағай аудандық комсомол комитетінің меңгерушісі болды.

Соғыс басталған кезде Қ.Самаев Тамбов қ. Шапошников атындағы  жаяу әскери училищесіне оқуға жіберілді, оны аяқтағасын ол 108 атқыштар дивизиясы 539-шы атқыштар полкіне политрук орынбасары және рота комсоргы болып жіберілді. 1944 жылдың қыркүйегінде Румыния, Болгария, Венгрия, Польша, Чехословакияны азат етуге қатысқан 3-ші Украина майданы 37 Армия құрамындағы 174-ші атқыштар дивизиясы 494-ші атқыштар полкіне саяси бөлім бастығының көмекшісі және комсорг болып ауыстырылды. Қ.А.Самаев жеңісті Чехословакия астанасы – Прагада қарсы алды.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қ.А.Самаев І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медальдарімен, көптеген мерейтойлық және КСРО Қарулы Күштерінің медалімен марапатталды.

 

Парақтар өзгертілді: 19-06-2015