Атаулы күндер тізбесі

Мамыр

Ұлы Отан соғысына қатысушы Есқали Жақсылықовтың туғанына 90 жыл толды

Ұлы Отан соғысына қатысушы Есқали Жақсылықовтың туғанына 90 жыл толды2015 жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысына қатысушы Есқали Жақсылықовтың туғанына 90 жыл толды. Е.Жақсылықов Семей облысы Абай ауданы Мүкір ауылында дүниеге келді. 1930 жылы ата-анасымен Семей қаласына көшіп келді. Қазақ мектебінде 5 сынып оқып бітірді. 1941 жылы тері өңдеу зауытына жұмысқа тұрды. 1943 жылдың қаңтар айында Кеңес Армия қатарына шақырылды. Қызметін Забайкалье жерінде 525-ші жеке зениттік-артиллериялық дивизионда өткерді.  

Е.Жақсылықов 1401-ші зениттік артиллериялық полк 38-ші артиллериялық қорғаныс дивизия құрамында соғысқа қатысты. Екінші Украина майданының құрамында Молдавия, Венгрия, Югославия, Чехословакия, Австрия елдерін азат етуге қатысты. Соғыс аяқталғасын 1945 жылғы қарашадан 1949 жылғы сәуір айына дейін 4 жыл Румынияның Бырляд қаласының әскери комендатурасында 85-мм зеңбірек атқыштар бөлімшесі командирінің қызметін атқарды. 

Е.Жақсылықов Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» медалімен, мерейтойлық медальдар мен белгілермен марапатталды.

 

Еңбек ардагері, МҚК подполковнигі Казихан Шакержанович Исабеков 85 жасқа толды

Еңбек ардагері, МҚК подполковнигі Казихан Шакержанович Исабеков 85 жасқа толды2015 жылғы мамыр айында еңбек ардагері, МҚК подполковнигі Казихан Шакержанович Исабеков 85 жасқа толды. К.Ш.Исабеков Семей облысының Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді. Ол Семей педагогикалық училищесін, кейін педагогикалық институтты бітірді.

Қ.Ш.Исабеков институтты бітіріп Жарма ауданы Ақжал ауылының орта мектебінде екі жыл жұмыс істеді.
Қ.Ш.Исабеков 1956-1958 жылдары № 1 Семей құрылыс мектебі директорының қызметін атқарды. Кейін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының МҚК органдарында қызмет атқарды, бұл жерде ол 25 жыл ішінде қатардағы қызметкерден бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарының аудан басшысына дейін көтерілді.

Қазихан Шакиржанович Исабеков еңбек және қоғамдық қызметі үшін дипломдармен, республикалық, облыстық Құрмет грамоталарымен, марапаттау белгілерімен, алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Ұлы Отан соғысына қатысушы Семен Гаврилович Князевтың туғанына 90 жыл толды

Ұлы Отан соғысына қатысушы Семен Гаврилович Князевтың туғанына 90 жыл толды2015 жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысына қатысушы Семен Гаврилович Князевтың туғанына 90 жыл толды. Ол Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Азовое с. дүниеге келді. 1943 жылғы ақпан айында әскер қатарына шақырылды. 194-ші зеңбірек артиллериялық полк құрамындағы 184-ші артиллериялық бригадада 1943 жылғы наурыздан 1944 жылғы қазанға дейін барлаушы, 1944 жылғы қарашадан 1946 жылғы мамырға дейін жүргізуші болды. Бұл полкті Кеңес Одағының маршалы Жуков басқарды.

С.Г.Князев І-ші Белоруссия майданында соғысты, Висла өзенінің батыс жағалауын жаудан босату ұрыстарына, Познань бекінісін, Варшава қ. азат етуге, Рейхстагты шабуылдауға қатысты.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін С.Г.Князев ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарімен марапатталды.

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-06-2015