Атаулы күндер тізбесі

Маусым

Ұлы Отан соғысына қатысушы Габдулгазиз Гайнутдинович Ахмеров 90 жасқа толды

Ұлы Отан соғысына қатысушы Габдулгазиз Гайнутдинович Ахмеров 90 жасқа толды2015 жылғы 11 маусымда Ұлы Отан соғысына қатысушы Габдулгазиз Гайнутдинович Ахмеровқа 90 жас толды.

Г.Г.Ахмеров – біздің қаланың белгілі азаматтарының бірі. Ол Киров аудандық атқару комитеті төрағасының қызметінде 12 жылдай жұмыс істеп, ауданның экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты, қазіргі кезде зейнеткер, Татарлар қоғамдық орталық президиумының мүшесі, ақсақалдар кеңесі және Семей қаласы соғыс ардагерлері кеңесінің мүшесі, Семей қ. құрметті азаматы, әуе-десанттық әскерлерінің құрметті ардагері.

Г.Г.Ахмеров 114-ші Гвардиялық Вена Қызыл Ту әуе-десанттық дивизия құрамында соғысты. Пулемет бөлімшесі командирінің қызметінде Венгрия, Австрия және Чехословакияны фашизмнен азат етуге қатысты. Г.Г.Ахмеров Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Венаны алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталды.  

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-06-2015