Атаулы күндер тізбесі

Шілде

Семей қаласының соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы Хасенов Рафик Хасенұлының туылғанына 85 жыл

Семей қаласының соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы Хасенов Рафик Хасенұлының туылғанына 85 жылСемей қаласының соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы Хасенов Рафик Хасенұлының туылғанына 85 жыл толып отыр (28.07.1930г – 17.07.2012г).
Ол Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиополь ауылында 1930 жылы дүниеге келген. Балалық шағы ауыр болған. Отызыншы жылдардың орта шенінде ата-анасы қайтыс болған соң әжесі мен ағасының қамқорлығында қалады.Ұлы Отан соғысы басталғанда ағасы майданға аттанады. Әжесі жағдайына байлданысты Рафик Хасенұлын Сергиополь балалар үйіне беруіне тура келеді.
1947 жылы мектепті жақсы үлгеріммен аяқтаған соң Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі.
1951 жылы оқу орнын «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша тәмамдаған соң Аягөзге оралып, орта мектепке мұғалім болып орналасады. 1952-1954 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. Әскерден оралған соң мектепке қайта оралып ұстаздық қызметін жалғатырады. 50-жылдардың ортасында Аягөз аудандық білім бөліміның инспекторы болып, сосын сол Білім бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

1960 жылы Рафик Хасенұлы партиялық қызметке ауысады да, 1965 жылға дейін саяси ағарту кабинетінде меңгеруші қызметін атқарады. Аягөз аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген. Келесі үш жылдықта Үржар аудандық атқару комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс атқарды. 1980 жылы Хасенов Р.Х. Семей қаласына Облыстық статистикалық басқармасының басышысы қызметіне ауысты. 1991 жылы зейнеткерлікке шыққан соң Рафик Хасенұлы қоғамдық қызметпен айналысты. Ол ШҚО «ақсақалдар Кеңесінің» белсенді мүшесі болған, ал 2005 жылы Семей қаласының соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі болған. 

2010 жылы Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының туылғанына 100 жыл толуына байланысты өткізілген конференцияға қатысқаны үшін Рафиқ Хасенұлы «Шығыс» аймақтық әскери қолбасшысы генерал-лейтенант Н.Поспеловтың алғыс хатымен марапатталған.

Мемлекеттік статистика органдарында көп жылғы адал еңбегі үшін, ҚР ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқаны үшін Рафик Хасенұлы Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен, ҚазССР-ң жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және тағы да басқа көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

Парақтар өзгертілді: 18-08-2015