Атаулы күндер тізбесі

Тамыз

Қазақ ССР-ң еңбегі сіңген дәрігері Неудачнин Николай Ивановичтің туылғанына 130 жыл

Қазақ ССР-ң еңбегі сіңген дәрігері Неудачнин Николай Ивановичтің туылғанына 130 жылНиколай Иванович 1885 жылы 23 тамызда Орынбор губерниясының (бұрынғы Бащқұртстан) Белорецк қаласында дүниеге келген.
1904 жылы Нарв гимназиясын, Петербург Императорлық университетін аяқтап, Петербург әскери-медициналық академиясына түседі.
1912 жылы академияны тәмамдаған соң оны Семей қаласындағы Сібір казак әскерінің 8-ші учаскесіне дәрігер етіп тағайындайды. Семей қаласында өткен желтоқсандық көтеріліске байланысты Н.И.Неудачнин атаман Анненковты қудалау бойынша 1-ші Крестьяндық революциялық полкіне жұмылдырылады, сосын бұл полк Қытайға қарай ығысқан.  
Сонымен қатар 1920 жылдан 1922 жылдар аралығында Николай Иванович артиллериялық дивизионның құрамында Қытайдың Қоқан және Наманған облыстарындағы басмаштармен өткен қарулы қақтығыстарда қатысқан.

Семейге оралған соң 1922 жылы қалалық амбулаторияның венерологиялық науқастарды қабылдау және емдеу бөлімінде дәрігер болып жұмыс атқарды. 
1924 жылы Н.И.Неудачниннің қолдауымен Семей облыстық венерологиялық диспансері ашылды. 1934 жылы Николай Иванович емдеудің физикалық әдістері институтына урология және дерматология бойынша дәрігер-кеңесші қызметіне ауысады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Семей қалалық әскери комитетінің ұйғаруымен №2449 эвакогоспиталіне жіберіледі. 1943 жылы Н.И.Неудачнин қалалық №4 емханасында ашылған урология кабинетінде дәрігер болып, кейіннен сол мекемеде емдеу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Николай Иванович Ленин орденімен марапатталған, Қазақ СРР-ң еңбегі сіңген дәрігері атағын алған, сонымен қатар КСРО-ның денсаулық сақтау ісінің үздігі болған.

 

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Борис Петрович Кравченконың туылғанына 105 жыл

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Борис Петрович Кравченконың туылғанына 105 жыл2015 жылы 22 тамызда Ұлы Отан соғысының қатысушысы Борис Петрович Кравченконың (22.08.1910г – 09.02.1996г) туылғанына 105 жыл толады.
Ол 1910 жылы Курск облысы, Борисов ауданы Солохи селосында дүниеге келген. 1921 жылы бастауыш мектептің 5 класс білімін алды. 1924-1927 жылдары малшы болып жұмыс істейді, 1927-1930 жылдары Украина ССР-ң Харьков қаласында құрылыс кәсіпорнында жұмысшы болып қызмет атқарды. 1930 жылы өзінің туған селосы Солохиге оралды. 1932 жылы әскерге шақырылып, теміржол құрылысы полкінде борышын өтей бастайды.1934 жылы әскерден қайтып оралды.

Борис Петрович бала күнінен көлік жүргізушісі болуды армандаған екен. 1934 жылы Семей қаласына көшіп келген соң жүргізушілер курсына түсіп, оны 1935 жылы аяқтады. 1935-1941 жылдары Қазақ геологиялық трестінде жүргізуші болды, сосын қалалық Гортопқа ауысты.
1941 жылы Октябрь аудандық әскери бөлімшесінің ұйғарымымен майданға жұмылдырылды. Басында 35-ші Гвардиялық дивизиясында, ал 1943-1945 жылдары 28-ші жеке авторотасында, 18-ші атқыштар полкінің зениттік взводында 30-шы Гвардиялық Қызыл Ту Рижск атқыштар дивизиясының құрамында майданда болған. 1945 жылы қазан айында ефрейтор атағымен соғыстан оралды.
Б.П.Кравченко Батыс фронтында, 2-ші Прибалтия фронтындағы шайқастарға қатысқан. Сонымен қатар Кеңестік Прибалтиканы немістік-фашистік басқыншылардан азат ету ұрыстарына қатысып, Мәскеу қорғаныс шебінде де тұрған.

Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Борис Петрович 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Мәскеу қорғанысы үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Кеңестік Прибалтиканы немістік-фашистік басқыншылардан азат етуге 45 жыл» белгісімен және т.б. мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Белгілі суретші Михаил Михайлович Беляевтің туылғанына 90 жыл

2015 жылы 10 тамызда белгілі суретші Михаил Михайлович Беляевтің туылғанына 90 жыл толды. Ол 1925 жылы 10 тамызда Башкирия АССР-ң Алаш ауданы, Слакк селосында дүниеге келген. Көп ұзамай ата-анасы Калуга қаласына қоныс аударады. Сонда Михаил 7 сыныптық мектепті тәмамдайды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Семей қаласына отбасы көшуге мәжбүр болады. Сол кезде 16 жасар Михаил шпалозаводқа ұстаның көмекшісі болып жұмысқа тұрады.
1943 жылы майданға шақырылды. Михаил Михайлович Алматы әскери-пехоталық училищесіне жіберіледі, оқуды аяқтаған соң десанттық әскерге жазылды. Венгрияны, Румынияны және Чехословакияны неміс-фашистік басқыншыларынан азат ету әскери операциясына қатысқан. Әскери қызметі 1950 жылға дейін жалғасты.   
Әскерден оралған соң Михаил Михайлович өзінің арманын жүзеге асырады – Одессалық мемлекеттік көркемөнер училищесіна оқуға түсті. Оқуын аяқтаған соң Семейге қайтып оралды.
Михаил Михайлович қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге жиі қатысқан.1957 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық көркемөнер көрмесінде жұмыстары қойылды.
М.М.Беляев Семей қаласының медициналық және зооветеринарлық институттарының, ауруханалар мен клиникалардың, өнеркәсіп орындарының интерьерлерін жобалауымен айналысқан  
Бірақ суретшінің сүйікті жанры портрет және пейзаж болған. Көптеген еңбектері Қиыр Солтүстікке, Полярлық табиғатқа, Шығыс Қазақстан табиғатына – Зайсан көліне, Бұхтырма су қоймасына және Ертіс өңіріне арналған. М.М.Беляевтің картиналары Семей қаласының мұражайларында, Украина, Ресей, Қытай, АҚШ, Англия, Қазақстан жинаушыларының коллекцияларында сақталған.

 

Парақтар өзгертілді: 18-08-2015