Атаулы күндер тізбесі

Қыркүйек

Бейсембаева Салима БейсембаевнаЕңбек ардагері, мұрағатшы Бейсембаева Сәлима Бейсембайқызының туылғанына 80 жыл

2015 жылғы 25 қыркүйекте Семей облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы, еңбек ардагері Салима Бейсембаевна Бейсембаева 80 жасқа толады. Салима Бейсембаевна 1935 жылғы 25 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ақсуат қ. орта мектебін бітірді. Салима Бейсенбаевна еңбек жолын Ақсуат ауданының Пионерлер үйінде үйірме жұмысының меңгерушісі болып бастады.

Кейін 1957 жылы Ақсуат ауданында БЛКЖО 30-жылдығы атындағы орта мектебінде кітапханашы болып жұмыс істеді. 1958 жылы Семей қаласына қоныс аударып, Семей облысының мемлекеттік мұрағатына мұрағатшы болып орналасты. С.Бейсембаева 10 жылдам астам мұрағаттың оқу залының меңгерушісі болды.

Мұрағат мекемелеріндегі көп жылдық адал еңбегі үшін Салима Бейсембаевна бірнеше рет КСРО Министрлер кеңесі, Қазақ КСР Бас мұрағат басқармасының, Семей облыстық атқару комитетінің және облыстық кәсіподақтар кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1976 жылы С.Бейсембаеваға мұрағат саласындағы еңбегі үшін «Коммунистік еңбегінің ударнигі» атағы берілді. 1981 жылы Салима Бейсембаевна «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, 1989 жылы «Мұрағат ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

 

Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі  Мағжан Кажгельдинович Орумбаевтың туылғанына 90 жыл

Мағжан Кажгельдинович Орумбаевтың2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі  Мағжан Кажгельдинович Орумбаевтың (25.09.1925 ж. – 24.05.2007 ж.) туғанына 90 жыл толады. Ол Семей облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған. Магжан Кажгельдинович еңбек жолын 17 жасында Жарма ауданының Пушкин атындағы жеті жылдық мектебінде бастады.

1943 жылдың қаңтар айында Мағжан Орумбаев майданға шақырылды. Ол 233 атқыштар дивизиясы 734 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысты. 1941 жылғы шілде айында ауыр жарақат алып, госпитальде емделгеннен кейін ауылына қайтарылды. Жарма ауданының Георгиевка с. Абай атындағы орта мектебіне мұғалім болып орналасты. Жас ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп, ол 10-шы Жарма аудандық комсомол конференциясында Қазақстан ЛКЖО аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1949 жылы Мағжан Кажгельдинович Семей педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, Георгиевка с. Абай атындағы орта мектебіне жұмысқа тұрады. М.К.Орумбаевтың іскерлік және адамдармен жұмыс жүргізу қабілетін көрген аудандық партия ұйымы оны Қазақстан КП Жарма аудандық комитетінің хатшысы, еңбек депутаттары кеңесінің төрағасы орынбасарының лауазымына сайлайды. 1959 жылы М.К.Орумбаев Семей қалалық халық депутаттары Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1965 жылдан 1975 жылға дейін халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1975 жылдан 1985 жылға дейін - Семей облыстық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

М.К.Орумбаев 20 жылдан астам білім беру саласында жұмыс істеді. Үкімет Мағжан Кажгельдинович Орумбаевтың еңбегін жоғары бағалады. М.К.Орумбаевқа «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» және «Қазақ КСР білім беру үздігі» құрмет атақтары берілді, ол үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін – І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.  

Парақтар өзгертілді: 04-09-2015