Атаулы күндер тізбесі

Қараша

Ұлы Отан соғысының ардагері Кабен Садыкович Беспаевтың туғанына 95 жыл толды

Бейсембаева Салима Бейсембаевна2015 жылғы қараша айында Ұлы Отан соғысының ардагері Кабен Садыкович Беспаевтың туғанына 95 жыл толды. Ол 1925 жылғы 13 қарашада Семей облысы Жаңа-Семей ауданының Кокон ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1943 жылғы ақпаннан 1945 жылғы тамызға дейін Кабен Садыкович әскери училищеде оқыды. 1945 жылғы тамыздан 1946 жылғы қазанға дейін Орал және Прибалтика аудандық округтарында танк бригадасының командирі болып қызмет атқарды. 1947 жылдан 1949 жылға дейін К.С.Беспаев Жаңа-Семей ауданында  жедел қызметкер лауазымын орындады.

Соғыстан кейін 1949 жылдан бастап Кабен Салыкович Ішкі істер органдарында жұмыс істеді. Ол Семей облысының  МҚМБ Жаңа-Семей ІІМАБ жедел қызметкерінен  генерал-майор шеніне, Семей облысының Ішкі істер басқармасының бастығының лауазымына дейін өсті. Қызмет атқарған мерзімде К.С.Беспаев Құрмет грамоталарымен, медальдармен, Қызыл ту және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

 

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Васильевич Секачевтың туғанына 105 жыл толды

Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Васильевич Секачевтың туғанына 105 жыл толды. Виктор Васильевич 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ші атқыштар дивизиясы 63 гвардиялық зеңбірек полкінің 6-шы батарея командирінің орынбасары міндетін атқарды, 1942 жылы бұл дивизия 30-шы гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. 1943 жылдан 1970 жылға дейін сауда мекемелерінде жұмыс істеді. В.В.Секачев зейнеткерлікке шыққасын 1977 жылдан бастап Семей қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасарының қызметін орындады, дивизия ардагерлері туралы көптеген құжаттар жинақтады.

 

Бейсембаева Салима БейсембаевнаҰлы Отан соғысына қатысушы, ардагер Байдүсенов Айтмұхамбеттің туылғанына 95 жыл

Ұлы Отан соғысына қатысушы, ардагер Байдүсенов Айтмұхамбеттің туылғанына 95 жыл толып отыр. Ол Семей облысы Бесқарағай ауданының Бөденелі ауылында дүниеге келген. Аягөз қаласының №8 мектебінде 7 сыныпты тәмамдап, Абай атындағы Семей педагогикалық училищесіне түседі. 1940 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика бөліміне оқуға түседі. Соғыс басталған кезде оқуын тоқтатуға тура келді. Айтмұхамбет Алматы атқыштық-пулеметтік училищесіне оқуға жіберілді. Ұлы Отан соғысының майданында пулеметтік взвод командирі болды, рота командирі, сосын батальон командирінің орынбасары болады. Берілген тапсырмаларды орындауда батылдығымен және ерлігімен көріне білген. Соғыс жылдары 7 рет жараланып, эвакогоспитальдарда емделген соң қайта майданға аттанып отырған. ҰОС Жауынгерлік ісі мен батылдығы үшін Қызыл Ту орденімен, сондай-ақ «ҰОС Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Соғыс біткен соң Айтмұхамбет Байдүсенов Ташкенттегі МҚМ екі жылдық мектебін аяқтайды, 1964 жылы  Мәскеу қаласының ҚТҚМ жоғары мектебінде оқиды. Қазақ ССР-ң МҚМ және ІІМ-де қызмет еткен. Үздік және мінсіз қызметі үшін А.Байдүсенов медальдар мен грамоталармен марапатталған, оның есімі Семей қаласының ІІБ құрмет тақтасына енгізілген.

Парақтар өзгертілді: 18-11-2015