Атаулы күндер тізбесі

Қазан

Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Касьянович Очеретяновтың туғанына 95 жыл толды

Степан Касьянович Очеретяновтың2015 жылғы 5 қазанда Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Касьянович Очеретяновтың туғанына 95 жыл толды. Степан Касьянович 1920 жылғы 5 қазанда Семей облысы Жаңа Шульба с. шаруа отбасында дүниеге келді. 1940 жылдың қазан айында Қызыл Армия қатарына оныншы сыныпта оқып жүргенде мерзімді әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметін Шепетовка қ. орналасқан 745-ші атқыштар полкінің қатардағы жауынгері болып бастады, Ұлы Отан соғысының алғашқы күні 1941 жылғы 22 маусымнан бастап  1945 жылдың 9 мамыры - Жеңіс күніне дейін майдан ұрыстарына қатысты. Степан Касьянович 193-ші атқыштар дивизиясы жеке барлау батальонының (ОТБ-1524) броньды автомобилінің атқышы, зеңбірек есеп тобының көздеушісі, 541-ші минометтік полкінің артиллериялық барлау бөлімшесінің командирі болып соғысты.

Соғыстан кейін Степан Касьянович оныншы сыныпты, үш жылдық Алма-Ата қ. Қазақстан компартиясы ОК партия мектебін және сырттай Мәскеу қ. КОКП ОК партия мектебін оқып бітірді. Еңбек жолын 1946 жылдан бастады. Ол жиырма жыл кеңес партия қызметінде және жиырма жылдай өнеркәсіп пен сауда саласында басшылық жұмыстарды атқарды. С.К.Очеретянов зейнеткерлікке шығып «Дороги войны позабыть нельзя» және «Доля женщины – матери войны» атты естелік кітаптар жазды.
Парақтар өзгертілді: 10-11-2015