Атаулы күндер тізбесі

Қаңтар

Белгілі қаламгер, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсеке 80 жасқа толды

Белгілі қаламгер, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсеке 80 жасқа толды2015 жылы 2 қаңтарда көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсеке 80 жасқа толды.
Сәрсеке Медеу Сапаұлы Шығыс Қазақстан облысы Абралы ауданының Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті алтын медальмен 1953 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы Кен-Металлургия институтына инженер-металлург мамандығы бойынша оқуға түседі.
Ол студент кезінен ғылыми-фантастикамен әуестеніп, фантастикалық жанрдағы жарық көрген “Көрінбестің көлеңкесі”, “Жетінші толқын”, “От пен атом” эсселері жасөспірімдердің қызығып оқитын таңдаулы шығармалары болып табылады.

Оқуын тәмамдағаннан кейін біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. 1959-64 жылдары Семей цемент зауытында шебер, зауыт диспетчері, техника бөлімінің аға инженері міндетін атқарған. 1964-1965 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі. 1965-1997 жылдары жазушылар Одағының Ертіс өңірі бөлімшесінің хатшысы қызметін атқарған.
Медеу Сапаұлы 1962 жылдан бері  Казақстанның жазушылар Одағының мүшесі болып табылады.
1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2001 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар М.Сәрсеке Семей қаласы мен Абралы ауданының «Құрметті азаматы», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университінің «Құрметті профессоры», «Құрметті кенші» және ҚР Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі».
Жазушының қаламынан 43 кітап қазақ тілінде, 20 кітап орыс тілінде жарық көріп, өз оқырмандарын тапты.
Қажырлы қалам иесі Сәрсеке Медеу Сапаұлының мерейтойы қала көлемінде кеңінен аталып өтіліп жатыр.

Семей қаласының құрметті азаматы Хафиз Матайұлы Матаев туылғанына 85 жыл

Семей қаласының құрметті азаматы Хафиз Матайұлы Матаев туылғанына 85 жылХафиз Матайұлы Матаев 1931 жылы 10 қаңтарда Семей облысы Абай ауданының Саржал ауылында  дүниеге келген. 1952 жылы Семей педагогикалық институтын бітірді. 1958 жылға дейін Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің инспекторы, Беген орта мектебінің  директоры және Бескарагай халыққа білім беру бөлімінде жұмыс істеді. Одан кейін Бесқарағай ауданының Беген ауылының Чапаев атындағы колхоз төрағасы болып сайланып, оны үш жыл ішінде басқарған.

1961 жылы Х. М. Матаев Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының партия комитетінің инспектор лауазымына тағайындалды, ал 1969 жылы Қазақстан КП Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Өндірістен қол үзбей жүріп, Семей малдәрігерлік институтын бітірді, 1973 жылы Семей қаласына Семей облыстық партия комитетінің хатшысы және бюро мүшесі ретінде ауыстырылды. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес Х. М. Матаев Семей облысы ауыл шаруашылығы ұйымдар мен кәсіпорындарды басқарды.
1975 жылы Қазақстан КП Семей облыстық комитеті комиссиясының төрағасы болып Хафиз Матаев тағайындалды. 

Бұл орында ол 1978 жылға дейін жұмыс атқарды, 1978 жылы Қазақстан КП Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып, 1978 жылдан1991 жылға дейін қызмет атқарды. Х. М. Матаев Абай ауданының дамуына зор үлес қосқан. Онда ауылдарда11 медициналық мекемелер мен бірнеше типтік мектеп салынды. Алғашқылардың бірі болып Семей облысында 90-шы жылдардың басында мектеп оқушыларына компьютерлік оқыту енгізді. 1996 жылы Х. М. Матаев «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.
Х. М. Матаев 28-ші съезі Кеңестер Одағының коммунистік партия Қазақстан Компартия 13, 15, 16-шы съезіне, 19-шы Бүкілодақтық партия конференциясына делегат болып сайланады,
1991 жылдан бастап, 1997 жылға дейін  Республикалық Абай қорының президенті болды, сол уақытта Семей облыс әкімшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаевтың 150-жылдығына арналған дайындау және өткізу бөлімінің меңгерушісі болды.

Көп жылғы жемісті еңбегі, қосқан зор әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі, белсенді қоғамдық-саяси қызметі үшін Хафиз Матаевқп «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ол Ленин, Еңбекші Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Парасат» орденімен және «Ағарту ісінің Үздігі» және «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» атақтарымен марапатталған.

 

Парақтар өзгертілді: 08-02-2016