Атаулы күндер тізбесі

Қаңтар

Ұлы Отан соғысының ардагері Кенбаев Насыр Ахметвалиевичтің туылғанына 95 жыл

95 лет со дня рождения участника Великой Отечественной войны Кенбаева Насыра Ахметвалиевича Кенбаев Насыр Ахметвалиевич Павлодар  облысына қарасты  Ермак ауданының  №6 ауылында дүниеге келген. Әкесі дүние салған соң отбасымен Семей облысының  Жарма ауданына қарасты Георгиевка ауылына  көшіп келеді.

1939 жылдың мамыр айында Насыр Ахметвалиевич Архангельск облысындағы Кеңес әскер қатарына  шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Н.А.Кенбаев жеделдетілген кіші лейтенанттар даярлайтын атқыштар взвод командирлер курсын бітіріп, Архангельск облысының 88-ші атқыштар дивизиясы құрамына енген 661-ші атқыштар полкінің пулемет бөлімшесінің командирі ретінде жіберілді. Полк құрамында ол Карельск және Оңтүстік-Батыс майданы, Украина, Белорусия, Балтық, Польша үшін ұрыстарға қатысып  Берлинге дейін барған.

Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында көрсеткен жауынгерлік ерлігі мен батылдығы үшін Н.А.Кенбаев Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 жж.», «За освобождение Белоруссии» медалімен, Маршал Г. К. Жуков медалімен, көптеген мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды. Жарма орта мектебінің Әскери даңқ мұражайында Насыр Ахметвалиевтың жеке құжаттары мен Ұлы Отан соғысына қатысуы жайлы  жинақталған құжаттар сақталған. Ол Жарма ауданының құрметті азаматы.

Н.А.Кенбаев Шар қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің төрағасы, Шар әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы, Шар ауылдық кеңес хатшысы болып қызмет атқарған.
1955 жылы Кенбаев Н.А. Шар қаласы Абай атындағы орта мектепке дене шынықтыру оқытушысы лауазымында жұмысқа қабылданды, келесі жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетіне оқуға түсті. Институтты аяқтағаннан кейін Шар Қазақ №23 станция темір жол мектебіне тарих және география оқытушы, содан кейін кешкі мектеп директоры болып қызмет атқарды. 1981 жылы Н.А.Кенбаев Семей станциясының №8 орта мектеп директорының лауазымын алды.

60 жылдан астам өмірін Насыр Кенбаев жас ұрпақты тәрбиелеуге арнады, сол себепті «еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Насыр Ахметвалиев еңбек және қоғамдық қызмет үшін көптеген құрмет мадақтама қағаздарымен  және оның еңбек кітапшасындағы жазбалармен белгіленген.

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Григорьевич Пересыпкинның туылғанына 105 жыл

Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Григорьевич Пересыпкинның туылғанына 105 жылҰлы Отан соғысының ардагері Федор Григорьевич Пересыпкинның (1911 – 2004жж) туылғанына 105 жыл толып отыр.
Ол Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданына қарасты Самар ауылында дүниеге келді. 1929 жылы мектепті бітіріп, кейін 3 жыл   Шығыс Қазақстан облыс ауылдарында бастауыш сынып мұғалімі ретінде, кейін Семей қаласының №25 мектеп қабырғасында  бір жыл тәлімгерлік қызмет атқарды.

1933 жылы Федор Григорьевич Томск мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсті.
Институтта оқып жүрген кезеңінде жоғары әскери дайындықтан өтті.

Семей қаласына кейін оралып, 1938 ж. Семей геологиялық барлау техникумының физика және электротехника негіздері пәнінің оқытушысы ретінде қызметке тұрды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, Ф. Г.Пересыпкин Семей әскери кеңесімен Ташкент қ.Фрунзе атындағы әскери академиясының  "Выстрел" курсына оқуға жіберілді. Курс соңында лейтенант атағы беріліп, Мәскеуге жеке пулеметті-артиллериялық батальон штаб басшысының бірінші көмекшісі ретінде жіберілді, ал 1942 жылдың маусым айында батальон құрамында Оңтүстік-Батыс майданына аттанды. Батальон құрамындағы Федор Григорьевич Орталық майдан құрамында соғысқан, 1,2 және 3-ші Беларусь майдандарында және 1-ші және 2-ші Балтық жағалауы майдандарында, Сталинград қорғанысына қатысқан. Қызмет барысында Қызыл Жұлдыз орденімен және екі мәрте 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылы КСРО геология Министрлігінің бұйрығы бойынша Семей геологиялық барлау техникумына физика және электротехника  пән мұғалімі ретінде тұрақты жұмысқа тұрды.

Жұмыс техникумында сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі ретінде 16 жыл бойы қызмет атқарды, шамамен 7 жыл кәсіподақ комитетінің төрағасы және 15 жылдан астам уақыт бойы техникумның  партия ұйымын басқарған. 1973 жылы Ф.Ж.Пересыпкин техникумда соғыс басталғанға дейін 3 жыл, өткеннен кейін 27 жыл жұмыс атқарып зейнеткерлікке шықты. Техникумда жұмыс істеген жылдары Федор Григорьевич Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Құрметті демалысқа шыққан соң Федор Григорьевич қоғамдық-саяси қызметпен айналысуын жалғастырады. Оны Азаматтық соғыс және Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы етіп сайлады. Осы лауазымда Федор Григорьевич 11 жыл жұмыс істеді, сондай-ақ  1983-1985 жылдары Жауынгерлік Даңқ мұражайының құрылуына  белсенді ат салысты, 1985 жылдың мамыр айынан бастап мұражай жұмысын тікелей басқарды.

Ардагерлік жұмыс атқарғаны үшін Федор Григорьевич Кеңес ардагерлер комитетінің үш Құрмет белгілермен марапатталған.

 

Парақтар өзгертілді: 08-02-2016