Атаулы күндер тізбесі


Қаңтар 2011ж.

2 қаңтар Жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 75 жыл (1936)

Жазушы Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.

Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады.
Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады.

Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.
2002 жылы академик Қ.Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сапаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан сутеткер еді.

Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен «Ебіней Бекетов» атты күрделі еңбек еді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.

Әдебиеттер:
Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы.-2009.-3 желтоқсан.-5 б.
Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.
Сәрсеке М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.
Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.
Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі.- Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.
Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 .
М.Сәрсекенің  «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәсеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.-2 б.
Сәрсеке М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-4 б.

* * * * * * * * *

5 қаңтар Жазушы, ғалым Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханұлының туғанына 95 жыл   (1916-2004)

Абайтанушы,  ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылы 5 қаңтарда Заречная Слабодка деп аталған қазіргі Жаңасемей ауданында дүниеге келді.
Қайым Мұхамаедханұлының ғылыми еңбегінің басты бағыты Ұлы Абайдың өлмес  өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты. 1951 жылы қорғаған “Абайдың әдеби мектебі” кандидаттық диссертациясы, Абайдың ақындық айналасы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында монографиялары әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап Республикалық Абай қоры шығарған 4 томдық “Абайдың ақын шәкірттері” және “Абай мұрагерлері” жинақтары да абайтанудағы төтенше жаңа құбылысқа айналды.
Қайым аға ұлы Мұхтардың сынынан өткен бірегей шәкірті еді. Ұстаз ұстанған идеялық танымын қарсыластарынан қорғау жолында тізерлеп өлгенше, тік тұрып өлуді артық көрді. Осы ерлігі үшін 25 жылға халық жауы атанып, тамұқтың отына да түсті. Бәрібір әділет жолы жеңді.
Қайым Мұхамедханұлы – ақын. 1938 жылы Жамбылдың әдеби қызметінің 75 жылдығына арналған республикалық ақындар сайысында “Жамбыл” атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды, ал 1945 жылы Қазақ ССР мемлекеттік гимнінің авторы болуы ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы.
Ғалымның ғылыми мақалаларының ішінде «Бұхар жырау» (1982), «Махамбет шығармаларының текстологиясы» (1986), «Уәйіс Шондыбаев шығармаларының текстологиясы» (1988), «Ақын Шәкәрім» (1988), «Ахмет Байтұрсынов», «Мағжан Жұмабаев», «Жүсіпбек Аймауытов» т.б. атап өтуге болады.
Жазушы Қайым Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың “Перне” (1944), “Майданнан майданға (1947), “Комиссар Ғаббасов” (1960), “Ер Білісай” (1974) атты туындылары – қоғамдық ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтқысыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әркез республикалық, облыстық театр сахналарында қойылып келеді.
Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңінен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: У.Гаджибековтың “Аршин мал алан”, Ш.Камалдың  “Хажы әпенді үйленеді” пьесаларын , татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдерін, сондай-ақ Н.Карамзиннің  “Сормаңдай Лиза” хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосты.
Саналы өмірінің жартысынан астамын Семей педагогикалық институтында ұстаздық еңбекке арнаған Қайым ағаның бұл салада атқарған ісі де абыройлы, айрықша жемісті. Қайым аға 1938 – 1941 жылдары аталған институттың филология факультетінде оқып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қызмет істеуге хұқ алады. Қырық жылдан астам ақ ордамызда білім мен тәрбиенің дәнін егіп, адамгершілік нұрын төккен ұлы ұстаз қолынан қаншама ұрпақ сусындады.

Әдебиеттер:
Мұхамедханов Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы: Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, мақалалар, арнаулар.-Семей,2010.-144 б.
Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.-Алматы, 2010.-164 б.
Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский.-Алматы,2009.-64 б.
Алаш арыстарының соңғы тұяғы: Қ.Мұхамедхановқа 6 қыркүйек күні ескерткіш орнатылды // Семей таңы.-2010.-7 қазан.
Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.-26 қаңтар.-3 б.
Жоламанова П. Өшпес із қалдырған // Семей таңы.-2009.-17 маусым.-2 б.
Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.-2005.-12 мамыр.-28 б.
Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жетпейді / Зекенұлы Қ. // Ертіс өңірі.-2010.-24 қараша.-10-11 б.
Қайым туралы сөз /Құраст.Қ.Мұхамедхановтың отбасы.-Астана: Фолиант,2006.-376
Қасымжанұлы С. Қайым туралы сөз // Жас қазақ.-2010.-5 ақпан.-8 б.
Қайым Мұхамедханов туралы қазанама // Дидар.- 2004.-3 шілде; Семей таңы.-9 шілде.-3 б.
Мақанқызы К. Қайсар рухты қазаққа ескерткіш // Ертіс өңірі.-2010.-13 қазан.-8 б.
Нұрқасым Қ. Пилондар образы: (Ескерткіш туралы) // Ертіс өңірі.-20010.-22 желтоқсан.-12 б.
Сейсенұлы Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы // Егемен Қазақстан.-2009.-7 қараша.-6 б.
Смағұлова Е. «Адам боп жер астына кірдің де, тас мүсін боп шыға келдің»: (Ескерткішке арналады) // Семей таңы.-2010.-14 қазан.-1 б.
Чушекова Ж. Қазақтың қайсар ғалымы: (Ғалымның 95 жылдығына орай Алматыда өткен дөңгелек үстелден кейінгі жазылған мақала) //  Семей таңы.-2010.-5 қаңтар.-3 б.

* * * * * * * * *

Aқын Ақылбай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл (1861-1904)

Ақылбай Ибрагимұлы Құнанбаев – қазақ ақыны, қоғам қайраткері, Абай Құнанбаевтың үлкен ұлы. Ақылбай Құнанбаев Шыңғыстау шатқалында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келді. Мұсылман медресесінде оқыды. Атасы Құнанбайдың қолында тәрбиеленді. Оның ақындық қабілетінің қалыптасуына Абай үлкен әсер етті.

Ақылбай домбраны, скрипканы жақсы тартты, сазгерлік қабілеті болды. Халық ішінде әнші Әлмағамбеттің сұрауымен жазған әні кеңінен әйгілі болды.
Өз бетімен орыс және европалық әдебиетті оқып үйренді. «Зулус», «Жарах», «Дағыстан» поэмаларының авторы. «Зулус» поэмасының негізінде ағылшын жазушысы Генри Хаггарттың «Соломон патшаның кені» романының желісі арқау болған. Поэма толық сақталмаған.

Бізге дейінгі жеткен «Дағыстан» поэмасында Кавказда болған оқиғалар арқылы әділеттілік пен зұлымдықтың тайталасы туралы айтылады. Семейлік ақын Мұрат Сұлтанбеков «Дағыстан» поэмасын орыс тіліне аударды. Ақылбайдың лирикасынан тек бірнеше өлеңдері ғана сақталып қалды.
Замандастарының естелігі бойынша Ақылбай әкесі Абаймен бірге, және ағасы Мағауиямен «Халыққа білім беру туралы қамқорлық қоғамының» мүшелері болды, сондай-ақ болыстың билеушісі болып сайланды.
Ақылбай кемелденген шағында, әкесі қайтыс болғаннан кейін тура 40 күн өткен соң, 1904 жылы Семейдегі Абайдың досы – Бекпан Баисовтың үйінде қайтыс болды.

Ақылбай Құнанбаевтың шығармалары:
А. Құнанбаев Дағыстан: Поэма.- Семей: [Б.и.], 1994.- 26 б.
А. Құнанбаев Дағыстан // Иртыш.- 1969.- 17-18 қазан.

Ол туралы әдебиеттер:
Қ.М. Мұхамедханов Ақылбай Құнанбаев / Қазақ КСР кітабында 4 томдық Т4.- Алматы, 1991- Б. 114
Ақылбай Абайұлы Құнанбаев (1861-1904) /Ф.А. Гайнуллиннің кітабында Ертіс өңірі Семейдің әдебиеті: Оқу құралы.- Семей, 2002.- Б. 18-20
Семей өңірінің жазушылары: Био – библиографиялық көрсеткіш / Құраст. О.Ф.Мальцева – Семей: Талант, 2006.- 46-47 Б.
Л. Баймағамбетова Талантливые дети великого отца // Семипалатинские вести.- 2004.- 25 маусым.- Б.4

* * * * * * * * *

Ақын Әріп Тәңірбергеновтың 155 жыл (1856-1924)

Әріп Тәңірбергенов - ақын, оның дарыны Абайдың поэтикалық мектебімен тәрбиеленген.
Әріп Тәңірбергенов кедей жанұядан шыққан. Жергілікті болыс басқарушысының таңдауымен Семей қаласына орыс миссионерлік мектебіне оқуға жіберілді. Орыс мектебімен бір уақытта, ол мұсылман мектебі – медресеге де барып жүрді. Туған тілі мен орыс тілін айтарлықтай игерген Әріп, татар, араб және парсы тілдеріндегі әдебиеттерді де оқи алды, қытай тілін үйренді. Осында ол Абаймен кездесті.

Жас шағында бозбала діни мифологиялық шығыс поэзиясы дәстүрінде әртүрлі поэмалар жазумен айналысты. Өз заманы оқиғаларының мәнін түсінген ақынды ағартушылық жолға түсуге танымал жерлесі Абай Құнанбаев итермеледі. Абайдың ізінше ол өз шығармашылығында ағартушылық идеяларды, демократия мен гуманизмнің принциптерін, сараңдық, күншілдік, надандықты қамшылап, туған ел ұлдарының ерлігін мадақтады: «Болыс басшысы Таубекке», «Қабанбайға», «Найманнан шыққан Серікбай қажыға». Оның зерттеу нысанына патшалық шенеуліктер де, далалық ақсүйектер де жатты.
Өз үйінен балалар үшін мектеп ашып, мүмкіндігінше оларға орыс тілін үйретті. Әріп қазақ оқырмандарын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстыруға тырысты, ең алдымен А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың.
Оның кең танымал болған поэма – хиссалары: «Ходжа – Гафан», «Зияда –Шахмурад».

Әріп Тәңірбергеновтың революцияға дейінгі шығармашылығы білімге, ғылымды оқуға шақырады. Өзі осыған үлгі болып, өз заманының білімдары, ежелгі Шығыс поэзиясының, «Данышпан Пушкин», «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», «Өзімнің оқушыларыма», «Бейқам күнкөріс» қазіргі орыс және батыс европалық поэзиялардың білгірі болды.
Әріп Тәңірбергеновтың танымал сөз шеберлері Біржан мен Сараның айтысын жазып алуы үлкен сіңірген еңбек болып табылады.

Ол туралы әдебиеттер:
Әріп Тәңірбергенов /Қазақ әдебиетінің тарихы кітабында: 3 томдық.Т.2 - Алматы, 1979. – Б.234-235
Әріп Тәңірбергенов (1856-1924) /Ф.А. Гайнуллиннің кітабында  Литература Семипалатинского Прииртышья: Оқу құралы.- Семей, 2002.- Б. 26-28
Семей өңірінің жазушылары: Био – библиографиялық көрсеткіш / Құраст. О.Ф. Мальцева – Семей: Талант, 2006.- Б. 70-71
Оспанова Б.К. Знаменательные и памятные даты Республики Казахстан на 2006 год- Алматы, 2005.- Б.88
Алексеев Н. Судьба поэта // Иртыш (с/жизнь).- 1996.- 10 қазан
Зулхаров Г. Подлинный народный поэт // Иртыш.- 1996.- 8 қазан
Қорабаев Р. Халық ақыны Әріп // Огни Приртышья,- 1977.- 13 қыркүйек.

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012