Атаулы күндер тізбесі

Мамыр 2011 ж.

7 мамыр Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайының ашылғанына 40 жыл (1971)

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайыны қаламыздың мақтанышы болып табылады. Жазушы тұрған ескі үйге экспозициялық залы бар, кітапханасы, оқу және кинодәріс залдары бар өзгеше ғимарат жалғастырылып салынды. Мұражайға кіре берісте орыс және қазақ халқының достығын бейнелейтін Ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийге арналған ескерткіш орнатылған.
Орыс және әлемдік әдебиеттің кемеңгері Ф.М. Достоевский өмірінің бес жылын Қазақстанда, оның ішінде Семейде өткізді. Сол жылдары ол саяси қылмыскерлерден тұратын 7-ші Сібір салалық батальонының «қатардағысы» болды. Федор Михайлович Омбыдағы каторгалық жылдарын өмірінен сызып тасталынған, «тірідей жерленіп, табытқа жабылған» кезең деп есептеді. Ол Семейде болғаны туралы айтқаны: «Не болғанда да өмір сүрдім, қиналсам да, өмір сүрдім». Бұны естен шығармауды Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайының қызметкерлері өз қолдарына алып, Семей жерінде ұлы жазушының есімін мәңгі есте сақтап қалу үшін осы істі өмірлік жолға қойған.  Мұражайда экспонаттардың қомақты қоры жинақталған. Мұражай қызметкерлері үлкен ғылыми және танымдық жұмыстарды жүзеге асырады, экскурсиялар, көрмелер, дәрістер, кинодәрістер, әдеби кештер ұйымдастырады.
1911 жылы, жазушы дүниеден өткеннен соң 30 жылдан кейін ол тұрған үйдің Крепостная көше атауы қаламгердің құрметіне ауыстырылды. 1965 жылы, қаланың осы бөлігінде құрлыс басталған кезде, Достоевскийдің үйі сол күйінде қалды. Оны келер ұрпақ үшін сақтауға шешім қабылданған болатын. 1968 жылы 250 жыл толған Семей қаласына жазушының немересі – Андрей Федорович Достоевский  келді. Ол кезде әлі мұражай болған да жоқ, оның есесіне Достоевскийдің үйінде кітапхана орналастырылды, оның мекен-жайына хаттар, сирек басылымдар, әртүрлі құжаттар келіп түсті. Осы материалдар болашақ мұражайдың алғашқы қоры болып табылады.
Мұражай халықаралық «Достоевский қоғамының» мүшесі болып табылады. 1857-1859 жылдары пошташы Ляпухиннің ағаш үйінде жазушы пәтер жалдап тұрған болатын, міне дәл осы сақталған үйде 1971 жылы 7 мамырда Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. 1976 жылы осы ескі үйге Мәскеулік сәулетші В.Ф. Власовтың жобасы бойынша қазіргі заманға сәйкес жалғастырылып ғимарат тұрғызылды. Ғимараттың архитектурасына ескерткіш-кітаптар ойы салынған болатын. Екі қабатты тас құрылыс екі жағы қиратылған қабырғадан тұрады, жартылай ашылған кітап тәріздес құрастырылған. Ғимараттың қабырғалары «Жазушының кабинеті» және «Достоевскийдің Петербургі» (суретшілер В.Гукасов, С.Широков, В.Одноколкин) композицияларымен рәсімделген.
Әдеби экспозициялардың бейнелі қатарына «Қан», «Тер», «Тарту» (суретші Г.В. Козлитин) күрделі әшекейлеулері енген, олар жазушының және оның кейіпкерлерінің биографиясының ерекше драмалық желісін баяндайды. Экспозицияның кіндігі «Өлі үй» болып табылады. Ағаш торлардың ар жағынан қараған каторгаға жіберілген адамдардың бедерлі портреттері каторганың әр алуан әлемін, қасиеттілігін, жауыздығын, жоғары руханилық пен ашық арсыздықты бір өзіне байланыстырғандай.
Бүгін Ф.М. Достоевский мұражайымен едәуір қор жинақталған, олар әртүрлі тақырыптар бойынша көрмелер ұйымдастыруға мүмкіндік береді: ол Ф.М. Достоевскийдің сан қырлы шығармасын түсіну, ол суретшілердің кескіндеме жұмыстарында жазушы-философтың рухани ізденісін бейнелеу, ол бұрынғы Семеймен танысу. Бұдан басқа Достоевский мұражайының достары да көп, олар әрқашан өз іскерліктерімен, шеберліктерімен бүкіл қалалықтармен бөлісуге ұмтылады.

Әдебиеттер:
1. Гузеева М. По следам Достоевского //Наше дело.-2004.-11 наурыз.-Б.6
2. Пархоменко Е. “Поручаю себя вашей доброй памяти…” //Арна.-2004.-19 қараша
3. Переписка А.Ж. Маргулана с Семипалатинским музеем Ф.М.Достоевского (1966-1985) //Абай.-1998.-№4.-Б.26-29
4. Шлихтемаер Л. Непостижимый Достоевский стал нам ближе: Вечные ценности //Наше дело.-2001.- 4 мамыр.-Б.7

 

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012