Атаулы күндер тізбесі


Маусым 2011 ж.

16 маусым Қазақстанның халық әртісі, әнші Мәдениет Ешекеевтің туғанына 75 жыл (1936-1997)

Ешекеев Мәдениет 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған.
1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мөдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің шәкірті ретінде «Қазақконцертке» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етеді. Ешекеевтің әсем үнді, кең диапозанды, лирико-драмалық тенор дауысты. Әншінің шығармашылығында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің,  Кеннің, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б.әндері бар. 
М.Ешекеев әсіресе, Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. Әнші «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарының халықтарының алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ресейде, Моңғолияда да өнер керсетті.
Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.
Әншінің орындауындағы «Жиырма бес», «Сұржекей» тағы басқа қазақтың халық  шеберлікпен орындап қазақ радиосының алтын қорына жазылды.
«Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің Бас шырақшысы Т.Ибрагимов.
Халқымыздың біртуар таланттарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген еді: «...Мәдениет – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз...»
Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды.

Әдебиеттер:
Елеуғожин Б. Әнші бақыты // Семей таңы.-1992.-27 қазан.
Ешекеев М.Қазақ ССР-нің Халық артисі атағын беру туралы // Семей таңы.-1987.-6 май.
Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: «Өнер», 2000.-269-283 б.
Мәдениет Сейітжанұлы: Қазанама //Қазақ әдебиеті.-1997.-12 тамыз.
Шыңғысұлы Б. Жүсіпбектің шәкірті // Семей таңы.-1976.-15 январь.

* * * * * * * * *

Ақын, журналист, жазушы Семен Михайлович Анисимовтың туғанына 100 жыл (1911 - 1970)

Семен Михайлович Анисимов – ақын, прозашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Семен Анисимов 1911 жылы маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Өскемен уезінде Красноярск селосында шаруа – ат айдаушы отбасында туды. Балалық шағы аштық пен қиындықта өтті. 1914 жылы, Семенге үш жас толмай, әкесі қатардағы жауынгер болып соғысқа аттанып, 1916 жылы қайтыс болды. 1923 жылы тырысқақ ауруынан анасы Пелагея Ивановна көз жұмды. Жеті жасынан Семен өзінің ауқатты атасы Феодосей Ивановичтың қолында малай және мал айдаушы болып жұмыс істеді. Дәл осы уақыттан бастап ол өзінің именшектік өлеңдерін жаза бастайды. Ақын өзінің алғашқы өлеңін 1928 жылы «Новая деревня» газетіне бастырады.
Жеті жылдық мектепті аяқтайды. Кейін Семен Анисимов Өскеменде педагогикалық техникумда оқиды, бірақ бұл оның бейімділігі еместігін сезінді. 1941 жылы ол Ленинградтың журналистика институтын аяқтады. Соғысқа дейін Азербайжанда әскерде болды.

1931-1933, 1936-1941 жылдары «Прииртышская правда» облыстық газетінде сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Соғыс ақынды Семейде тапты. С.Анисимов соғыста қатардағы жаяу әскер болып Брянск майданында, Курск доғасында, Полосьеде соғысты. 1944 жылғы мамырдан бастап әскери тілші, «В бой за Родину» дивизиялық газетінің хатшысы болды. Соғысты Эльба бойында аяқтады.
1946 жылдан 1970 жылдары аралығында С.Анисимов «Прииртышская правда» облыстық газетінің әдеби қызметкері болды. Осы кезеңде С.М.Анисимов 50-70-жж. жазушылар үшін ұстаз және тәлімгер болды. Оның шығармасындағы басты тақырыбы Ертіс және ертістіктер болды. Семен Михайлович – көптеген поэтикалық жинақтардың авторы: «Прииртышье», «Родничок», «Смородинка», «Окно в юность», сонымен қоса прозалық жинақтардың «Тайна Парамона Крутихина», «Медная верстатка». Өлеңдері әуен мен жарыққа толы. Олар лирикалы және сырлас.

Семен Михайлович өмірден өз әнін соңына дейін аяқтай алмай кетті, дегенмен ол, өз өлеңдері туралы былай деп айтуға құқы бар:
«Я поднимаю солнечную ношу –
Охапку отзвеневших сентябрей!»

Семен Анисимовтың шығармалары:
С. Анисимов Здесь жил Достоевский // Иртыш.- 1996.- 7 қараша.

Ол туралы әдебиеттер:
Ф.А. Гайнуллина Ертіс өңірі Семейдің әдебиеті: Оқу құралы.- Семей, 2002.- Б.74-76

Семей өңірінің жазушылары: Био – библиографиялық көрсеткіш / Құраст. О.Ф.Мальцева – Семей: Талант, 2006.- Б. 9-11

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012