Атаулы күндер тізбесі


Шілде 2011 ж.

15 шілде Кеңес Одағының батыры Қопай Ысқақовтың туғанына 105 жыл (1906)

Қопай Ысқақов 1906 жылы 15 шілдеде Семей облысының Жарма ауданы Георгиевка ауылында кедей отбасында дүұниеге келді.
1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Соғыс жылдарында Батыс, Сталинградтық, 2-ші Украиндық фронттарда шайқастарға қатысты.
861-ші атқыштар полкінің командирі /294-ші Черкасск атқыштар Б.Хмельницкийдің ордені дивизиясы 52 әскер, 2-ші Украиндық фронт/. Сержант Копай Ысқақов 1944 жылы 28 наурыз түнінде Молдавия ССР-інің Петрешты ауылында жауға қарсы контратака ұйымдастырды.
Жаралы болғанына қарамастан 2 жауынгермен шепті ұстап қалды.
Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысты. Касель ауылында танктерен жауларымыз контратакаға шыққанында Ысқақовтың учаскесіне шабуылдаған 2 танкті жанармайлы бөтелкенің көмегімен өртеп жібереді. Жау кейін шегінді. Неше мәрте жаралы болды.      
1944 жылғы 13 қыркүйегінде Кеңес Одағының Жоғарға Кеңес Президиумының жарлығына сәйкес Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Қопай Ысқақов Ленин орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер:
Герои Советского Союза – семипалатинцы / Сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей - печать, 2004.- С. 25
Семипалатинску 285 лет /Сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск:ЧП Анастасов, 2003.- С.49


* * * * * * * * *

29 шілде Өлкетанушы Виктор Николевич Кашляктың туғанына 60 жыл (1951)

Кашляк Виктор Николаевич – жазушы және журналист, тарихшы, КСРО-ның жазушылар одағының мүшесі, жүзден астам жергілікті және республикалық ғылыми басылымдардағы және бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жариялымдардың авторы.
1951 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 20 жыл көлемінде Семей облыстық және қалалық басқару мекемелерінде еңбек етті.
Жастайынан Ертіс бойындағы Семей өңірінің тарихымен айналысты. Тарихи сипаттағы 80 зерттеу жұмыстарының авторы. Сол мақсатта Ресейлік Мәскеу, Санкт-Петербург, Омск, Тюмень, Тобольск мұрағаттарында, сондай-ақ Алматы және Семей мұрағаттарында ізденіс жұмыстарын жүргізеді.  Ең алғашқы жариялым 1965 жылдың 21 ақпанында «Ертіс» қалалық газетінде «Собираем краеведсческие материалы» тақырыбында жарияланды. Зерттеудің сүйікті кезеңі 18-19 ғасырлар тарихы.
1998 жылы И.Г. Андреевтің «Описание Средней Орды Киргиз-Кайсаков» (Алматы, 1998 г.) басылмын құрастырушылардың қатарында болды.
1999 жылы авторлық «Летопись Семипалатинских улиц» атты кітабы жарық көрді. 1999 жылдың жазында «А. фон Гумбольдттің Ресейдегі ізімен» экспедициясының құрамында болды. Осы тақырып турасындағы материалын Қазақстан Республикасының ғылыми жинақтарының бірінде жариялады.
2001 жылы фотосуретші Вадим Павлунинмен жән дизайнер Игорь Рябухинмен бірлесе отырып, «Семей-Семипалатинск» мерекелік ашық хаттар комплектісін жасап шығарды, сол жылы «Семейлік Воскресенск шіркеуі» буклеті жарық көрді.
2002 жылы Семей қаласы тарихы аясында «Три ека истории» авторлық мақалалар жинағы жарыққа шықты.
2004 жылы «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» атты әр түрлі діндердің гибадатханалары тарихына арналған кітабы шықты.
2006 жылы «Семипалатинск: их именами названы…» кітабы жарық көрді.
2007 жылы «Семипалатинск: от бургомистра до Акима» 18 ғасырдан осы күндерге дейін Семей облысы мен қаласына басшылық еткен тұлғалар жайлы кітабы шықты.
2008 жылы «Печать Семипалатинска 1863-1963 гг» кітабы шықты. Бұл кітап қаламыздағы басылым  ісінің /типографиялар жөнінде, кітаптар мен газеттер, журналдар/ дамуы жайлы ақпарат береді.

В.Кашляктың шығармалары:
Кашляк В.Н. Их именами названы…- Семей, 2006.-355 б., фото
Кашляк В. Летопись Семипалатинских улиц – Семей, 1999.- 107 б, фото
Кашляк В.Н. Печать Семипалатинска 1863-1963 гг.- Семей, 2008.- 400 б., фото
Кашляк В.Н. Семипалатинск. Три века истории.- Новосибирск, 2002.- 371 б., фото
Кашляк В.Н.  Семипалатинск: от бургомистра до Акима – Семей, 2007.- 400 б., фото
Кашляк В. Под стук колес истории рождается книга // Спектр.- 2010.- 20 қазан.- б.4
Кашляк В. Земельный вопрос //Арна.- 2010.- 15 шілде.- б.6
Кашляк В. «Чертова песочница» // Арна.- 2010.- 15 шілде.- б.6
Кашляк В. Переправа, переправа //Арна.- 2010.- 15 сәуір.-  б.5
Кашляк В. Наряды «из Европы» // Арна.- 2010.- 15 сәуір.-  б.5
В.Кашляк жайлы әдебиет:
Палу Д. Архив приглашает друзей // Вести Семей.- 2010.—4 ақпан.- б.8     
Часнык Л. «Храм – земное небо» // Вести Семей.- 2010.- 10 қараша.- б.4

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012