Атаулы күндер тізбесі


Қыркүйек 2011 ж.

26 қыркүйек - Саяси жер аударылған, ғалым, өлке зерттеушісі Евгений Петрович Михаэлистің туғанына 170 жыл (1841-1913).

Евгений Петрович Михаэлис – орыс ғалымы, қоғам қайраткері, демократ.

Евгений Петрович 1841 жылы 26 қыркүйекте Петерборда ақсүйектер жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімін гимназиядан алып, кейін Александров лицейіне ауыстырылды. Сонан соң Петербор университетінің физика-математикалық факультетінің жаратылыстану бөлімінде оқыды. 1861 жылы студенттік қозғалыстың жетекшілері және ұйымдастырушыларының бірі ретінде университеттен шығарылып, Петрозаводск қаласына жер аударылды, ал 1863 жылы Тобыл губерниясының Тарту қаласына полицейлердің қатаң бақылауында болумен жөнелтілді.

Евгений Петровичтің анасы ұлының жер аударудан оралуы үшін аз күш салған жоқ. 1869 жылы Михаэлиске Семейге тұруға рұқсат беріліп, Семей облыстық басқармасының шаруашылық бөлімі іс жүргізушісінің көмекшісі лауазымына тағайындалды. Келесі жылдың сәуірінде ол ерекше тапсырмалар орындаушы кіші шенеулік лауазымына жіберілді. Осы уақыттан бастап Михаэлистің ғылыми, ағартушылық қызметі Қазақстанмен тығыз байланысты. 1870 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ол өлке бойынша сапарға шықса, кейін 1871 жылдың мамыр-маусым айларында Зайсан өлкесіне сапар жасайды. 1872 жылы зерттеуші Шығыс Қазақстан бойынша сапарға аттанады. Ол сапардан ұмытылмас әсермен және бай ғылыми материалдармен оралады.

ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Михаэлис Семейдің қоғамдық кітапханасының келушісі болып жүріп, онда Абаймен танысады. Олардың достығы мен ынтымақтастығы көп жылдар бойы жалғасты. Михаэлис қазақ ақынын орыс және әлем әдебиетінің ең жақсы жетістіктерімен таныстырды. 1886 жылы Абай Михаэлистің ұсынысымен, өзі 1878 жылдан бастап хатшы болған, Семей облысы Статистикалық комитетінің толық мүшесі болып сайланады. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен қалада өлкетану мұражайы мен кітапхана ашылды.

1880 жылы Е.П. Михаэлис Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөліміне мүше болып сайланады.
Е.П. Михаэлис 1875 жылдың 2 қазанынан 1878 жылдың 15 маусымы аралығында «Семей облыстық ведомостерінің» редакторы болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Дәл осы кезеңде газет беттерінде ресми  хабарламалардан басқа өлкетанымдық сипаттағы мақалалар да жариялана бастады.

1882 жылдың наурыз айында Семейде Михаэлистің бастамасымен және жетекшілігімен қала тұрғындарының біркүндік санағы өткізілді. Жиалған мәліметтер Е.П. Михаэлиспен өңделіп, жарияланды.
1881 жылы Евгений Петрович Семей уезі судьясының және облыс прокурорының міндеттерін атқарды.

Евгений Петрович 1878 жылы формальды түрде полицейлік бақылаудан босатылды, алайда Өскеменге тек 1882 жылы ғана ғылыми жұмыс және омарташылықпен тығыз айналасу үшін көшіп келеді. Михаэлистің ғылыми зерттеулері жоғары баға алды, ол ОГҚ медалімен марапатталған. Өскеменде Михаэлис 31 жыл өмір сүрді, сол уақытта да ол Семеймен байланысын үзген жоқ.
Евгений Петрович 1913 жылдың 2 желтоқсанында 72 жасында жүрек талмасынан қайтыс болып, Өскемен қаласында жерленді.

Ол туралы әдебиеттер:
Михаэлис Евгений Петрович // Қазақстан кіт. Ұлттық энциклопедиясы. Т.4.- Алматы: Қаз. Энциклопедиясы, 2006.- 12 Б.
Е.П. Михаэлис / Құраст. Абай атындағы Семей Әмбебап Ғылыми кітапханасы – Семей, 2002.- 13 б., ил.

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012