Атаулы күндер тізбесі


Қазан 2011 ж.

10 қазан - Жазушы Ғазиз Сапаевтың туғанына 85 жыл (1926 ) 

Ғазиз Сапаев – жазушы, журналист.
Ғазиз Сапаев 1926 жылы 10 қазанда дүниеге келді. Елдегі ұжымдастыру және ұлы аштық жылдары кішкентай Ғазизді ата-анасы Қытайға алып кетті. Отанына оралған Ғазиз Сапаев МҚК (КГБ) «қамқорына» тап болды. Ол он жыл бойы өзіне таныс емес ауылдарда қамалды, одан бес шақырым алысқа шығуға рұқсат етілмеді. Осы уақытта ол ауыр дене еңбегінен босамады.

1946 – 1948 жылдары Ғазиз Сапаев Семейдің екі жылдық мұғалімдер институтында оқып, оны бітірген соң ШҚО Зайсан және Семей облысының Аягөз аудандарының мектептерінде жұмыс атқарды.

1952 жылы ол Крупская атындағы педагогикалық институтын бітіріп, қаламыздағы мектептерде педагогикалық жұмыстарын жалғастырды. Мұғалім бола жүріп, ол өз күшін әдеби шығармада байқап көрді: өлеңдер, очерктер мен әңгімелер жазды. Өмір тәжірибесі және оны халыққа танымал ету, Ғазиз Сапаевтың қалам алуына түрткі болды.

Жазушы повестерінің алғашқы кітабы «Өмір сүрген жылдардың жемістері» 1963 жылы шықты. Одан кейін «Менің сәулем» (1969), және «Гүлдана» (1977), «Отаннан қашықта» (1982), «Үнемі жолда» (1989) кітаптары жарық көрді.

Елуінші жылдардың соңынан бастап (1959 жылдан) «Семей таңы» газетінің редакциясында, алпысыншы жылдардың басында – Семей облыстық мәдениет бөлімінің әдеби қызметкері, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған ол, кәсіби жазушылармен қоса жас әдебиетшілермен де істес болып, олардың шығармаларын жарыққа шығаруға дайындады. Оның жазушы, педагог және ғалым Қайым Мұхамедханов туралы, профессор, зооветинститутының алғашқы ректоры Бадулла Садықов туралы, математик К. Нұрсұлтанов туралы және өлкеміздің тағы да басқа танымал адамдары туралы жазған мақалалары, очерктері оқырмандарға тартымды.

Ғ. Сапаев әңгімелер, очерктер және повестерімен қатар драматургия жанрында да жемісті жұмыс істеді. Сөйтіп, Абай атындағы музыкалы-драмалық театр сахнасында оның «Тойдың аты, той», «Сүйіктімнің жүрегін қалай жаулап аламын» пьесаларының қойылымдары сәтті өтті.

1960 жылдан бастап Ғазиз Сапаев КСРО журналистер одағының мүшесі болып табылады, 1974 жылдан бастап – КСРО жазушылар Одағы және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Ол туралы әдебиеттер:
Ф.А. Ғайнуллина Ертіс өңірі Семейдің әдебиеті: Оқу құралы - Семей, 2002.- 136 б.
Семей өңірінің жазушылары: Био – библиографиялық көрсеткіш / Құраст. О.Ф.Мальцева – Семей: Талант, 2006.- 62-63 Б.

* * * * * * * * *

11 қазан – Жазушы Роллан Шәкенұлы Сейсенбевтың туғанына 65 жыл (1946 ж.)

Белгілі жазушы, драматург, аудармашы, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11-ші қазанда Семейде  дүниеге келді.

1970 жылы Семейдегі технологиялық институтты  бітірді, кейіннен Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген. 1975 жылы «Аңсау» атты алғашқы әңгімелер мен повестер кітабы шықты. Одан кейін «Өзімді іздеп жүрмін», «Соңғы қар», «Тоска по отцу, или день, когда рухнул мир» повестер мен әңгімелер жинағы, «Если хочешь жить», «Всего одна ночь»,  «Түнгі диалог»,  «Заблудившийся крик» («Трон сатаны»), «Ночные голоса», «Возвращение Казыбека», «Мертвые бродят в песках», «Лестница в никуда» романдары шықты. 2009 жылы бұрын басылып шыққан әңгімелердің біріктірілген  жинағы «Всего одна ночь» жарық көрді. Роллан Сейсенбаев  «Халықаралық Абай клубының» президенті. Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды. «Қазақстан» сурет- жинағы кітабы (1995 ж., Лондон), «Алматы» (1996ж. Лондон), «EL» және «Аманат» журналдарын бастыруда бастаушы болды. Роллан Сейсенбаев  әртүрлі әдеби сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты.Дүниежүзілік мәдениет пен өнер академиясының Академигі (Сан-Франциско қ. АҚШ). Дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі үшін Венгер Республикасының бас ордені Үлкен Алтын Крестпен,  Польша  Республикасының мемлекеттік бас марапаты-Үлкен Серілік Крестпен, Кубаның бас ордені - Достық орденімен (шет ел азаматтарына арналған) марапатталды. Қазір  Англияда тұрады.  «Абай ауданының құрметті азаматы».

Роллан Сейсенбаев туралы:
Серікқалиұлы З. Сын кітабы [Мәтін] / З. Серикқалиұлы, 2008. - 504 б
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін]: био-библиографиялық көрсеткіш, 2005. - 96 б.
Төлеуов, Сайлау. "Игі жақсылардың көбі Абайдан бейхабар..." [Мәтін] / С. Төлеуов // Ертіс өңірі. - 2009. - 28 қаңтар. -  С. 8.
Зекенұлы, Қайрат. Ролланның анасы [Мәтін]: [жазушы Р.Сейсенбаевтың анасы Рәшида Нілдібайқызы туралы]. / Қ. Зекенұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 4 наурыз. -  С. 16.
Төлеуов С. Ел намысы үшін күресетін азаматтар аман болсын [Мәтін]: [Жазушы Р.Сейсенбаевпен сұқбат ] / Төлеуов С. // Дидар. - 2000. - 22ақпан

Роллан Сейсенбаевтың шығармалары:
Сейсенбаев Р. Өмір сүргің келсе. Ешқайда бастамайтын баспалдақ [Мәтін]: Романдар / Сейсенбаев Р., 1980. - 384 б.
Сейсенбаев Р. Түнгі диалог [Мәтін]: Пьесалар / Сейсенбаев Р., 1992. - 400 б.

* * * * * * * * *

15 қазан - Әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 60 жыл (1951 ж.)

Белгілі әнші, актер, композитор Тұрсынғазы Рахимов  1951 жылы 15 қазанда Семей облысы Аягөз ауданы Малтыкөл ауылында (ҚХР-дың Дөрбілжің ауданына қарасты Орқашар тауының бөктерінде) дүниеге келді.

Алматыдағы Т.Елубеков атындағы эстрадалық-цирк колледжін бітірді. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында өмір сүріп, еңбек етеді. Т. Рахимов 50-ге жуық әннің авторы. Әндерінің көбі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөздерінде жазылған. Бірқатар өлеңдері әнге қосылды, соның ішінде «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл». Сондай-ақ әйгілі ақындар Қадыр-Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова, сонымен қатар жергілікті ақындар  Т. Әбдіхакимов, А. Сапышев, А. Ибраев өлеңдеріне жазған әндері әйгілі болды.  1994 жылы «Сәби болғым келеді» атты әндер жинағы шықты. Ол Қазақстан ұлттық мәдениетінің өркендеуіне көп үлес қосты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Саз серілері», Күләш Байсейітова, Естай  атындағы ақындар мен әншілер сайысының бірінші сыйлығының лауреаты. М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері.  Тұрсынғазы Рахимов домбырамен ән салу мектебіне жетекшілік етті. "Өнер өлкесінде" атты сазды-қонақжай клубының төрағасы.

Тұрсынғазы Рахимов туралы:
Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік, 2006. - 18 б.
Құсанбаев, Серік. Ертістің ерке жирені [Мәтін] / С. Құсанбаев  // Дидар. - 2009. - 26 мамыр. -  С. 5.
Құсанбаев, Серік. Сахна саңлағы [Мәтін] / С. Құсанбаев  // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 12 -18 маусым. -  С. 10.
Дүйсенбек Ә. Сәби сезім, сыршыл жүрек [Мәтін] / Дүйсенбек Ә. // Егемен Қазақстан. - 2004. -  3 шілде.- Б.8
Рахимов Т. " Менің пірім Мұқағали" [Мәтін] / Рахимов Т. // Егемен Қазақстан. - 2000. -  20 желтоқсан.- Б.4.
Рахимов Т. Жеті сауал [Мәтін] / Рахимов Т. // Ертіс өңірі. - 2006. -  14 маусым.- Б.8

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012