Атаулы күндер тізбесі


Қараша 2011 ж.

5 қараша - Ақын Тұрсынхан Әбдрахманованың туғанына 90 жыл (1921-2003) 

Тұрсынхан Әбдрахманова - ақын, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты.
Тұрсынхан Әбдрахманова 1921 жылы 5 қарашада Семей облысы Жарма ауданының «Бөке» кеніші кентінде дүниеге келді.

Еңбек жолын Тұрсынхан Әбдрахманова 1941 жылы бастады.

1943-1949 жылдары Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, Шар аудандық партия комитеті бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітіргеннен соң Т. Әбдрахманова Алматы қаласында Кеңестік аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, кейін дәл осында аспирантураны аяқтап, «Ільяс Жансүгіровтың лирикасы» кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды, содан кейін Министрлер Кеңесінің мемлекеттік комитетінде баспа бойынша, Қазақ КСР Ғылым Академиясы президиумында жұмыс істейді.

«Әндер» алғашқы өлеңдер кітабы 1959 жылы жарыққа шықты. Келесі жылдары «Әннен әнге» (1962 ж.), «Сен оларды білесің бе?» (1963 ж.), «Шарықтау» (1966 ж.), «Ержету» (1974 ж.) поэтикалық және басқа жинақтары жарыққа шықты.

Тұрсынхан Әбдрахманова ғылыми қызметпен де айналысады. Ол – екі ірі монографиялардың авторы «Ақын сыры» («Тайна поэта», 1965), «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» («Поэтика Касыма Аманжолова», 1976).

Жазушымен М. Стельмахтың «Кровь людская — не водица» романы, Е. Юнгидің «Бессмертный корабль» повесі, А. С. Макаренконың «О коммунистическом воспитании» мақала жинақтары қазақ тіліне аударылды.
Әбдрахманованың шығармалары орыс, өзбек, түркімен, неміс, қытай және басқа тілдерге аударылды.

Т.Әбдрахманова «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» және «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің грамоталарымен марапатталды.

Тұрсынхан Әбдрахманованың шығармалары:
Т. Әбдрахманова Раздумья: Өлеңдер мен поэмалар: Қаз.т. ауд. – Алматы: Жалын.- 79 б.

Ол туралы әдебиеттер:
Тұрсынхан Әбдрахманова: Қазақстан: Ұлттық энциклопедия кітабында. Т.1 – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- Б.77
А. Еспенбетов Халықтың сүйікті ақыны // Иртыш.- 1992.- 29 тамыз
О. Мальцева «Бұл – біздің қыз!» // Иртыш.- 1996.- 12 қараша
Ф. Гайнуллина «Бәрінен бұрын оның адалдығы толғандырады…» // Иртыш.- 1992.- 27 тамыз


* * * * * * * * *

27 қараша - Жазушы, ақын, аудармашы Сәдуақас (Сәду) Машақовтың туғанына 105 жыл (1906-1995)

Сәду (Сәдуақас) Машақов – қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, журналист.

Сәду (Сәдуақас) Машақов 1906 жылы 27 қарашада Семей облысы Жаңа Семей ауданы Воскресеновка ауылында дүниеге келді. Әкесі Қали егінші - шаруа ортасынан шықса, анасы Қанипа – ұсақ қолөнершінің қызы. Жеті жасында ата-анасы Сәдуді молдаға, мұсылмандық білім алсын деп берді. Екі жылдан соң оны Семейге № 11 орыс мектебіне ауыстырады. Ол жетінші сыныпты аяқтаған соң, өз білімін мұғалімдер мен газет жұмысшыларын дайындайтын әртүрлі курстарда жоғарлатты.

1925 – 1928 жылдары Сәду Машақов «Қазақ тілі», «Жаңа дала», «Социалистік Шығыс» газеттерінде, сонан соң «Екпінді» (кейіннен «Семей таңы») облыстық газетінде әдеби қызметкер болып істеді.

«Колхоздың әні» алғашқы өлеңдер кітабы 1932 жылы жарық көрді, автор ол кезде небәрі 26 жаста болатын. Сәду Машақов «Песни молота», «Шың құз», «Отан үшін», «Кезеңдер», «Жылдар мен жолдар», «Тыныштық» және тағы көптеген өлең жинақтары мен поэмалардың авторы болып табылады.
1936 жылы жазушы Машақов жазушылар Одағының мүшесі болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәду Қалиұлы Бірінші және Екінші Прибалтика майдандарының «Вперед на врага» газетінің редакторы болып істеді. Соғыс тақырыбына өзінің «Монолог мертвого фрица», «Монолог битого фрица», «Часы» өлеңдерін арнады. Ол «Қызыл жұлдыз» орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталды.

1952 жылы Сәду Машақов Семейдің Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтын бітірді. Дарынды ақынды Алматыдағы қалам бойынша әріптестері байқап қалып, Қазақ телеграф агенттігіне қызмет істеуге шақырады, ол онда аударма бөлімінің редакторы болып зейнеткерлікке кеткенге дейін қызмет етті.

Сәду Машақовтың бүкіл шығармашылығын екі кезеңге бөлуге болады: соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі. Жазушы шығармаларында 30-шы, кейін 50-ші жылдардағы қоғам өміріндегі қиын жағдайлар, туған жерге деген сүйіспеншілігі бейнеленген.

Сәду өмірінің соңғы күндеріне дейін өзіне ыстық «Семей таңы» газетімен шығармашылық байланысын үзген жоқ, онда 1993 жылға дейін шығармалары жарияланып тұрды.
Сәду Машақов А.С. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Т. Шевченконың, Д. Бедныйдың , М. Жәлелдің, М. Кәрімнің және басқа ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Сәду Машақов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Ұзақ жылғы өмірінің ішінде Сәду Машақов тамаша адамдардың біріңғай саңлақтарын көрді, сол кездесулері туралы естеліктерін қалдырды. Оның достары мен әңгімелесушілерінің арасында Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев және басқа біздің елімізді даңқын шығарған көптеген адамдар болды.

Сәду Машақовтың шығармалары:
Машақов С. Семей // Иртыш.- 1996.- 26 қараша
Машақов С. Жетпіс бес /Қаз. ауд. Н.Чернова // Огни Приртышья.- 1990.- 11 қазан
Машақов С. Ертіс / Қаз. ауд. Н.Чернова // Иртыш.- 1988.- 17 тамыз
Машақов С. Семей; Достоевскийдің үйі // Иртыш.- 1988.- 23 маусым

Ол туралы әдебиеттер:
Сәдуақас Машақов / Ф.А. Гайнуллиннің кітабында.  Ертіс өңірі Семейдің әдебиеті: Оқу құралы.- Семей, 2002.- Б. 67-70
Семей өлкесінің жазушылары: Био – библиографиялық көрсеткіш / Құраст. О.Ф.Мальцева – Семей: Талант, 2006.- Б. 49-51
Алексеев Н. Біздің Сәду // Иртыш.- 1996.- 5 қыркүйек
Байғұлов Н. Жерлес-жазушының мерейтойы // Иртыш.- 1986.- 15 қараша
Сәду Машақовтың туғанына 90 жыл толуына арналады // Иртыш.- 1996.- 19 желтоқсан
Сұлтанбеков М. Окрыленный родным Прииртышьем // Иртыш.- 1996.- 26 қараша
Рысбаева М. Память о земляке // Наше дело. -1997.- 3 қаңтар.- Б.3
Чернова Н. Счастливый дар // Иртыш.- 1996. - 26 қараша

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012