Атаулы күндер тізбесі


Желтоқсан 2011 ж.

24 желтоқсан - Кеңес Одағының Батыры Николай Яковлевич Фоновтың туғанына 70 жыл (1941 - 1950)

Николай Яковлевич Фонов 1911 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Подгорное ауылында шаруа жанұясында дүниеге келді. Әскер қатарына шақырылғанға дейін Семей және Өскемен қалаларының қаржы органдарында жұмыс істеді.

1941 жылдың маусым айында Кеңес Әскері қатарына шақырылды. 1942 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысы майданында. 59-шы артиллерия полкінің зеңбірек командирі сержант Фонов 1943 жылы 27 тамызда Сумск облысы Карпиловка селосы түбінде болған ұрыста көзге түсті. Қарсыластың қарсы шабуылын тойтарып, 5 танкті қиратты және жағып жіберді, 2 минаатрадың отын тұншықтырды.

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы Жарлығымен 1943 жылы 24 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылдың басында Кеңес Одағының Батыры сержант Николай Фонов ұрыста ауыр жараланып, госпитальдегі ұзақ емделуінен соң күзде Семейге қайтып оралады. Ол Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейін Николай Яковлевич Семей Мемлекеттік банкінде, кейін «Алтайалтын» тресінде жұмыс істеді. Созылған жарақаты сыр беріп, 1950 жылы Н.Я. Фонов қайтыс болды.

Ол туралы әдебиеттер:
Фонов Николай Яковлевич / Кеңес Одағының Батырлары кітаб. Т.2 - / Құраст.П.С. Белан, Н.П. Калита – Алматы: Қазақстан, 1968.- Б.341-342

Фонов Николай Яковлевич / Кеңес Одағының Батырлары - семейліктер кітаб./ М.И. Перебеева. – Семей, 2004.- Б. 54
Фонов Николай Яковлевич / Семейге 285 жыл кітаб./ Құраст. К.А. Байғожинов, М.А. Галиев – Семей, 2003.- Б. 57

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2012