Қазақстан Республикасының ұлттық архив қорының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген дәріс

2018 жылы  9 қазанда «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынның» оқу залында «Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер» туралы заңының құрылғанына 20 жыл толуына орай Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 1 курс студенттеріне ҚЗТҚО ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л. Қадырова дәріс өткізді. Дәріс барысында Семей облыстық архиві және ҚЗТҚО тарихымен оның атқаратын қызметі жайлы баяндалды. ҚЗТҚО қорында сақталған газеттерді көрсетті, орталықтан жарық көрген құжаттар жинақтарымен, кітапшалармен т.б басылымдармен таныстырды. Сонымен қатар студенттерге архив ғимаратына экскурсия жасады. Олар құжаттардың архивте қалай сақталатынын көріп, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.