«Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары

2018 жылы 11 қазанда «Халыққа қызмет көрсету Орталығы филиалы – ҰБА "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы"  Департаментінің № 2 бөлімінде ШҚО бойынша ХҚКО инспекторларына «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты оқыту семинары өткізілді.

Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімінің мамандары М.Ж. Аубакирова және З.О. Есергепова тыңдаушыларды 2018 жылғы 29 мамырдағы  № 156 «Архив анықтамаларны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен және 2017 жылғы 7 наурыздағы № 57  «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен таныстырып, келесі мәселелер талқыланды: 

1.     «ҚЗТҚО» КММ сақтаудағы жеке құрам бойынша құжаттардың мазмұнының ерекшелігі.

2.     «Архивтік анықтама беру» ; портал арқылы өтінішті дұрыс толтыру.

Семинар барысында әр түрлі сипаттағы архивтік анықтамалар үлгілері мен жаңа нұсқадағы сұраныстар көрсетілген слайдтар ұсынылды. Сондай-ақ, «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері құжаттар орталығының жұмысына қатысты ХҚКО инспекторларының сұрақтарына жауап берді. 

Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімінің мамандары М.Ж. Аубакирова және А.Е. Баженовамен азаматтардан келіп түскен өтініштерді қабылдау  барысында, олардың толық қанды орындалуы үшін, құжаттардың толық пакетін беруге ұсыныс айтылды.