Бұл біздің өмірбаянымыз: комсомолға 100 жыл

2018 жылы 24 қазанда «Абай» атындағы театрда Бүкілодақтық Лениндік Жастар Одағы құрылғанына 100 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.

Шараға түрлі жылдардағы комсомолдың мүшелері - Семей өңірінің экономикасын, ғылымын және мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан озық топтарының өкілдері болды.
БЛКЖО 100 жылдығына орай комсомол ардагерлері мерекелік медальдармен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде облыстық, қалалық, аудандық комсомол комитеттерінің бұрынғы хатшылары болды.

ҚЗТҚО қызметкерлері – ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Қадырова Л.Қ. және архивші Мұсаханов А.Н., Ахметов Ә.Е. архивтік қорлар, газеттер негізінде комсомол тарихын көрсететін фотоқұжаттық көрме дайындады.