2018 жылы 26 қазанда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына «Туған елге тағзым-2018» зерттеу-танымдық экспедициясы саяхатқа келді. Экспедиция құрамында Алматы және Атырау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері бар.

Экспедицияның басты мақсаты Семей өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, сәулет өнерін, тарихи орындарын, инновациялық объектілерін зерттеу болып табылады.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қ.Қадырова архив тарихы туралы әңгімелеп берді, экспедиция мүшелеріне архив қорында сақталған Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің Ә.Бөкейханов, М. Дулатов, М.Тұрғанбаев, Х.Ғаббасов т.б. құжаттарының түп нұсқаларын көрсетті. Сонымен қатар оқушыларға архив бойынша танымдық экскурсия жүргізді.

Бұл өткізілген дәріс оқушылардың қызығушылықтарын туғызып үлкен әсер қалдырды. Кездесу барысында оқушылар архив жұмысының ерекшеліктері туралы, ҚЗТҚО-да сақталған бірегей құжаттар туралы, архившілер жұмысы туралы көптеген сұрақтар қойды.