"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру"

2018 жылдың 5 қарашасында  Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жолдаудың мазмұны жылдан жылға біздің алдымызға нақты міндеттер қояды. Мемлекет басшысының саясаты экономиканың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған, кәсіптік білім беру жүйесін, коммуналдық саланы барынша дамытуға шақырады.

Инфрақұрылымға, автомобиль жолдарының құрылысына көп көңіл бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселесі қозғалды. Жас отбасыларға тұрғын үй беру бағдарламасы жаңғыртылғандығы қуантады.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, экономика және бизнес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды бағыттардан басқа Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніне, ғылымға, спортқа, ішкі туризмге, экспортқа бағытталған экономикаға назар аударылды.

Жолдау қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары гүлденген, дамыған елде өмір сүруі үшін бағытталған.

ҚЗТҚО қызметкерлері Мемлекет Басшысының қойған міндеттерін зерделеп, архив олардың қайсысының орындалуына өз үлесін қоса алатынын анықтады.