2018 жылы 19 қарашада ҚЗТҚО ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Л.Қ. Қадырова Семей қаласының № 49 жалпы білім беретін мектептің 7- сынып оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ашық сынып сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттары негізінде Шәкәрімнің өмір баяны жайлы айтылды.

Оқушыларға бүгінгі күнге дейін жеткен Шәкәрім Құдайбердіұлының танымал үш фотосуреті таныстырды. Оның ішінде, ҚЗТҚО қорларының бірінен табылған, бұрын кең жұртшылыққа белгілі емес фотосурет те бар.

Өткізілген сабақ оқушылардың үлкен әсерін туғызып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.